Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет91/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

4. Қарындағы астың қорытылуы.
Эволюциялық даму барысында қоректену ерекшелiгiне қарай жануарлар да қарапайым (бiр камералы) және кұрделi (көп камералы) қарынды ажыратады. Қарапайым қаррын иттерде, приматтарда, адамда, болады, ал күрделі қарын күйіс қайыратын жануарларда (қой, ешкi, сиыр, түйе, бұғы).
Қарынның қабырғасы үш қабаттан тұрады: кiлейгелi қабат, ет қабаты және сiрлi қабат. Қарын бiрнеше бөлiктен тұрады: кардиалық бөлiк-өңешпен қарынның қосылған жерi. Қарын күмбезi – қарынның жоғарғы шағы, қарын түбi немесе бөлiгi. Пилорикалық бөлiк – қарынның 12 елi iшекпен жалғасқан бөлiгi. Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезi сол жақта, қабырғалардың iшкi бетiнде , пилорус оң жақта бауырдың астында. Қарынның кiлейгелi қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездерi орналасады. Бұл бездер үш түрлі қосымша, негiзгi және көмкерме клеткаларынан түзілген. Қосымша клеткалар қарынның кардиалық және пилорус бөлiктерiнде кездеседi, олар шырыш бөледi. Негiзгi клеткалар қарын тұбiмен пилоруста орналасады, олар фермент бөледi. Ал көмкерме клеткалар қарын түбiнде ғана болады, олар тұз қышқылын бөледi. Адам қарнының сиымдылығы 2-4 литрдей, сырт пiшiнi мүйiзге ұқсайды. Қарын бездерi тәулiгiне 2-2,5 литрдей сөл бөледi. Сөл түссiз, реакциясы қышқыл (рН-0,9-1,5), шырышты сұйық. Меншiктi салмағы 1,008 тең. Құрамында 99,2-99,6% су, 0,4-0,8% құрғақ зат болады. Құрғақ заттар бейорганикалық тұздар Nа, К, Са хлоридтерi, сульфаттары бар. Тұз қышқылы 0,3-0,5% мөлшерде. Қарын сөлi құрамында белоктар, полипептидтер, мукопротеидтер, мочевина, зәр қышқылы, т.б. Сөлдiң құрамында белоктар мен майларды ыдырататын ферменттер бар. Пепсин, катепсин, ренин белоктарды пептидтермен амин қышқылдарға дейiн ыдыратады.Бұл ферменттер тек қышқыл ортада ғана белсендi. (Пепсиноген-пепсинге ауысады).
Пепсин өсiмдiк белоктарына да, жануар белоктарына да әсер етедi. Ренин (химозин) сүттi iрiтiп, оның құрамындағы белоктардың қорытылу прцесiн бастайды. Липаза ферментi эмульсиянған майларға (сүт майында) әсер етiп, оны глицерин мен май қышқылына ыдыратады. Сөлдiң қышқылдық реакциясы оның құрамындағы тұз қышқылының (0,5-0,6%), органикалық қышқылдардың болуына байланысты. Тұз қышқылы пепсиногендi пепсинге айналдырады ,оның белсендiлiгiн арттырады. Белоктарды қопсытып, жұмсартып, олардың iшiне фермент енуiн жеңiлдетедi, микробтарды жояды, просекретин гормонын секретинге айналдырып ұйқы безiнiң сөл шығаруын күшейтедi. Гастрон гормонының түзілуiн күшейтедi, ал гастрон гастрин шығуын тежеп қарын сөлiн азайтады.
Қарындағы астың (химустың) 12 елi iшекке өтуiн реттеп отырады.
Қарын қабырғасындағы бiрыңғай салалы еттер қарыңға келiп тұскен асты шырынмен араластырады. Қарын сөлi сiңген соң оның қарыннан iшекке көшуiн қамтамасыз етедi. Асты жұтқан соң қарын еттерi бiразға дейiн босаңсиды (рефлекстiк релаксациясы). Одан соң тамақтың түріне қарай қарын қимылы күшейе бастайды. Қарын еттерiнiң жиырылуының фазалық және тонустық жиырылуын ажыратады. Фазалық жиырылу немесе перистальтикалық жиырылу. Минутiне үш толқын пайда болады. Тонустық жиырылу көпке созылады және жиiрек (6-7рет) байқалады. Қарын қимылын кезеген нерв күшейтедi, ал симпатикалық нерв тежейдi. Қарынның жиырылуы баллонографиялық, рентгенографиялық, электромиографиялық әдiстер-мен зерттеледi.Қабылданған тамақ адам қарында 6-8 сағат қорытылады. Қорытылу мерзiмi оның құрамына байланысты болады. Майлы тамақ ұзақ жатып қалады, көмiрсулы тағамдар тезiрек жылжып, 12 елi iшекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тамақ қарында тоқтамастан тез iшекке өтедi. Пилорустын ашылып жабылуына қарындағы және 12 елi iшектегi гидростатикалық қысым,қышқылдық әсер етедi. Сонымен қатар iшек гормандары (секретин) әсер етедi.
Қарын сөлiнiң бөлiнуi тамақты қабылданған соң үдей түседi. Сөлдiң құрамы, мөлшерi, ферменттердiң сапасы қабылдаған тамақтың құрамына байланысты болады. И.П.Павлов жұргiзген зертеулерi қарын бездерiнiң сөл бөлу қабiлетiнiң азықтың түріне тамаша бейiмделетiнiн көрсеттi.Азық ретiнде нан-углеводтар, майсыз ет-белокты, сүт-аралас азық ретiнде қолданылды. Сөлдiң ең көп мөлшерi етке, содан кейiн нан мен сүтке бөлiнген. Ең жоғары қышқылдық жануарлар белогын, ал төмен қышқылдық –өсiмдiк белогын бергенде байқалған.
Аралас азыққа 0,4-0,8л сөл бөлiнiп,секреция процесi 5-6 сағат бойына жұрген. Ет қабылдағанда сөл бөлуi 2 сағат iшiнде қатты күшейiп, 7-8 сағаттан соң тоқтаған. Ал нанға 1-сағатта сөл көп бөлiнiп, одан кейiн сөл бөлу қарқыны кұрт төмендеген де, 10 сағат бойына сөл бөлу төменгi деңгейде жұрген.
Қарын бездерiнiң қызметi күрделі рефлекторлық және нейрогу-моральдық жолдармен реттеледi.Сөлдiң бөлiнуi 3 кезеңде өтедi. Бiрiншi кезең-мидың қатысуымен өтетiн рефлекстiк кезең. Оны шартты және шартсыз рефлекстiк фазаларға бөледi. Тамақтың түрi, исi, ыдыс – аяқтың сылдыры, дастархан шаю, тамақ iшер алдында адамға ұдайы әсер ететiн факторлар. Осы факторлардың әсерi мен қарыннан шартты рефлекс жолымен сөл бөлiне бастайды. И.П.Павлов мұны “Тәбеттiк сөл” деп атаған.Бұл сөлдiң құрамында ферменттер өте белсендi болған. Тамақ ауызға келiп тұскен соң ондағы рецепторларды тiтiркендiрiп, солар арқылы сопақша мидағы сөл шығару орталығын қоздырады. Бұл сөл бөлудiң шартсыз рефлекстiк фазасы. И.П.Павлов “жалған тамақтандыру” тәжiрбиесiмен дәлелдедi. Сөл бөлудiң күрделі рефлекторлық кезеңi 2 сағаттан кейiн тоқтайды.
Ас қарынға келiп түсiсiмен қарыннан көп мөлшерде сөл бөлiне бастайды. Бұл процесс астың қарында бiраз кiдiруiне байланысты ұзаққа созылады (10 сағат). Бұл сөл бөлудiң екiншi кезеңi “Қарын”кезеңi. “Қарын ” кезеңi механикалық және гуморальдық фазадан тұрады. Азық бөлiнiп шыққан- альбумоздар мен пептондар, басқа заттардың әсерiмен жұредi. Мысалы, гистамин, гастрин, гормандары сөлдiң бөлуiн күшейтедi, гастрон тежейдi.
Қарын сөлi бөлiнiп шығуының үшiншi кезеңi-iшек кезеңi, ас он екi елi iшекке келiп түскен сәттен басталады. lшек қабырғасында бөлiнетiн энтерогастрин, бомбезин гормандары сөлдiң бөлiнуiн үдетедi, ал гастрон, энтерогастрон, конкриозимин гормандары сөл бөлуiн тежейдi.
Құсу- аш iшектiң рефлекс арқылы керi жиырылуынан болады. Ішектегi химус керi қарынға түседi. 10-20 секунд iшiнде қарын еттерi қатты жиырылады да кардиосфинкторы (өңеш) босаңсиды. Мұнымен қатар құрсақ еттерiнен бiрге диафрагма жиырылып асты қарыннан өңешке, өңештен ауызға итередi.
Құсу рефлексi тiл түбірi мен жұтқыншақтағы, қарын мен iшектегi, шашырқайдағы рецепторлардың және вестибулярлық аппарат рецепторларының тiтiркенуiнен пайда болады. Сопақша мидағы құсу орталығының қозуымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет