Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет94/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Бақылау сұрақтары:

  1. Ас қорыту дегенiмiз не,ас қорытудың түрлерi.

2. Қарын сөлiнiң құрамы, мөлшерi
3. Тұз қышқылы,ферменттердiң ,шырыштың ролi
4. Пилорустық рефлекс дегенiмiз не
5. Қарын бездерiнiң қызметi қалай реттеледi
Лекция 24. Ас қорыту жүйесінің физиологиясы.


Лекция жоспары:
1. Жануарлардың қарнындағы ас қорыту ерекшеліктері.
2. Мес қарындағы белок, клетчатканының қорытылуы.
3. Ұйқы безi сөлi.
4. Бауыр. Өт құрамы, қызметi.
5. Ішектегі астың, липидтердiң қорытылуы мен сіңірілуі.
6. Су мен тұздардың сорылуы.
Ішектегі астың қорытылуы мен сіңірілуі
Пилорус сфинктерi ашылған кезде ас ащы iшекке өтедi. Ащы iшек ас қорыту жолының ең ұзын бөлiгi. Ол он елi iшек, аш iшек және мықын iшек болып бөлiнедi. Ащы iшектiң ұзындығы адамның бойынан орта есеппен 4-5 есе ұзын, ал жылқыда 20м, iрi қарада 40-49м, қой мен ешкiде 24-26м. lшек ұзындығына қарай ас iшекте 10-12 сағаттай кiдiредi.
Ащы iшектiң iшкi бетiнде көптеген бүрлер, олардың бетiнде- микробүрлер болады. Мысалы, бiр эритроциттiң бетiнде 2000-4000ға дейiн, ал 1 шаршы милиметрге 50-200 миллионға дейiн микробүрлер болады. Осылар iшектiң сору бетiн тағы да 30 есе ұлғайтады.
Ащы iшек қуысына бауырда түзілетiн өт және ұйқы безiнiң сөлi құйылад. Сондықтан ащы iшекке өткен жын iшек, Ұйқы безi сөлiмен және өт пен жақсы араласып, бiркелкi қоймлжың затқа-химусқа (жын) айналады. Өт, сөлдердiң құрамындағы ферменттердiң әсерiмен ащы iшекте қоректiк заттар қорытылып, ыдырау өнiмдерi ерiтiндi күйiнде iшектiң қабырғасы арқылы сорылып, қан мен лимфа арқылы денеге сiңедi.
Ішектiң кiлегей асты қабатында бруинер, ал кiлегей қабығында- Либеркюн бездер орналасады. Брунер бездерi 12 елi iшекте, ал Либеркюн бездерi, аш iшектiң қалған бөлiктерiнде орналасады. Lшек сөлi кiлкiлдек сұйық, ол қою түйiршiктерден және сұйық заттардан құралған. Құрамында 98-99% су, 1% құрғақ заттар кiредi. Құрғақ заттар –натрий, калий, кальций элементтерi, карбонаттар, хлоридтер қосылыс-тары болады. Органикалық заттардан –муцин, түрлі ферменттер-амилаза , мальпаза, лактоза, сахароза, энтерокиназа, пептидазалар, липаза болады. РН ортасы сiлтiлiк 8,16-8,68 , тұтқырлығы 11,6-17,66 меншiктi салмағы 1,004-1,014.
Сөл құрамындағы ферменттердiң әсерiмен белок, петондар амин қышқылына, крахмал глюкозаға, майлар-глицерин мен май қышқылдарына ыдырайды.
Ішек сөлiн алу үшiн Тири,Тири-Велла, Симещеков әдiстерiн қол-данады. Тәулiгiне ит 0,4-0,6, iрi қара 25-30, жылқы 10-15л iшек сөлiн бөледi. Ішек сөлi тоқтаусыз бөлiнедi. Кезеген нерв тiтiркенсе сөл бөлуi үдейдi. Дуоркинин, Энтерокринин гормондарда үдетедi.
Ұйқы безi сөлi. Ұйқы безiнiң сөлi түссiз, мөлдiр, Рн-7,2-8,5, сұйық зат. Құрамында 98-99% су, 1-2% құрғақ заттар кiредi: натрий, калий, калций, магнит, темiр элементтерi хлоридтер, карбонаттар және муцин болады. Сөл құрамында келесi ферменттер болады; Трипсиноген, химотрипсиноген, карбоксиполипептидаза, пептидаза, амилаза, маль-таза, лактаза, липаза, фосфолипаза, дезоксирибо-нуклеаза, нуклеаза. Тәулiгiне адамның ұйқы безiнен 1,5-2л; қой-0,5-0,6л; сиыр-7,0-7,5л сөл бөлiнедi.
Таза сөл алу үшiн И.П.Павлов бездiң өзегiне фистула қою әдiсiн ұсынған.
Ұйқы безiнiң қызметiне нерв жүйесi және iшектен қанға өтетiн түрлі химиялық заттар реттеп отырады. Кезеген нерв- сөл бөлуiн үдетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет