Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет95/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Өт құрамы, қызметi. Өт- бауыр клеткаларында түзілiп, бауырдың өт жолдары, тұтiгi арқылы он екi елi iшекке құйылады. Өт үнемi түзілуi де өт қабында жиналады, Одди сфиктерi босаңсыған кезде өт iшекке құяды.
Тәулiгiне адамда 0,5-1,5л, ал жануарларда: iрi қарада-7,0-9,0л, жылқы-5,0-6,0л өт бөледi.
Қапшықтық өт қоңырқай, қою, тұтқыр келедi. Құрамында 85%су, Рн-5,5-6,5, тығыздығы-1,035-1,045. Бауырлық өттiң тығыздығы 1,010-1,015, рН 7,4-8,0, 97,5% су болады.
Өттiң түсуi оның құрамындағы бояғыш заттарға билирубин (адамда), биливердин (жануарлардан) байланысты болады.
Өт құрамында өт қышқылдар (таурохол, гликохол), холестрин, май қышқылдары, Nа, К,Са, Мg, тұздары болады.
Өттiң ас қорытуда маңызы зор. Атап айтсақ:
- Өт қышқылдары майда эмульсияға айналдырады, сiңуiн жеңiлдетедi
- Өт ұйқы безi сөлiнiң ферменттерiнiң әрекетiн күшейтедi.
- Өт iшек қимылын күшейтедi, пепсиндi бейтраптанады
- Өттiң бактериоциттiк қасиеттi бар.
- Өт майда еритiн витаминдердiң, холестирин мен Са иондарының қанға сiңуiн жеңiлдетедi.
Өттiң түзілуi және он екi елi iшекке өтуi нерв жүйесi және iшекте пайда болатын химиялық заттардың әсерiмен реттеледi.
Кезеген нерв талшықтары қозса өт қапшығы жиырылып, өт өзегiнiң сфиктерi босаңсиды да, iшекке өт бөлiнедi. Симпатикалық нерв керiсiн-ше сфиктерi қысады, өт бөлу тоқтайды.
Секретин, қанға сiңген өт қышқылдары өт түзілуiн күшейтедi, ал панкреозимин (холицистокинин), гастрин, гликогон да оң әсер етуi.
Ішекте ас қорыту екi жолмен жүредi: қуыстық және мембраналық. Қуыстық ас қорыту ұйқы безi сөлiнiң, iшек сөлiнiң, өттiң құрамындағы ферменттердiң әрекетiмен жүредi.
Мембраналық ас қорытуды тәжiрбие жүзiнде тұңғыш рет А.М.Уголев ашты. Тәжiрибесiнде бiр пробиркаға сөлдi алған, ал екiншi пробиркаға сөл және iшек қиындысын алып оған: субстрат-крахмалды қосқан. Крахмалдың ыдырау жылдамдығы екiншi пробиркада жоғары болған, себебi iшек қиындысының кiлейгейлi қабатындағы ферменттердiң әсерiнен де крахмал ыдыратаған, осыны мембраналық ас қорыту деп атаған.
Микробүрлердiң беткейiнде микрополисахарид жiпшелерi орналасқан, олар кальций көпiрлерi арқылы байланысын тор гликокаликстi құрайды. Гликокаликстер мен микробүрлер арасындағы тұтiктерде көптеген ферменттер жинақталып (адсорбцияланады) мемебраналық ас қорытуды жүргiзедi.
Гликокаликс арқылы тек ұсақ заттар өтедi, ал iрi молекулалық органикалық заттар өтпейдi.
Мембраналық ас қорыту ас қорытудың соңғы сатысы болып табылады. Уголевтiң деректерiне сәйкес ас қорытудың бiрiншi сатысының ұлесiне қорытылған заттардың 20-50%, ал соңғы сатысының ұлесiне 50-80% келдi. Мембраналық ас қорыту гликокаликс қабатының мембрана бетiнде және микробүрлер, эпителиоциттерi мембранасының өзiнде жүредi. Бұл процесс екi түрлі ферменттердiң химустан жабысқан, не iшек эпителиоциттерiнде түзілiп, микробүрлер мембранасының бетiне жинақталған-ферменттердiң қатысуымен жүредi. Мембраналық ас қорыту ас қорыту және ыдырау өнiмдерiн сiңiру процестерiн өзара жалғастырады. Сондықтан қазiргi кезде қуыстағы ас қорыту –мембраналық ас қорыту-сiңу кезеңдерiн ажыратады.
Мембраналық ас қорытудың өзiндiк ерекшелiктерi бар:
- Мембраналық ас қорыту ас қорытудың соңғы сатысы болып табылады.
- Адсорбцияланған ферменттер ұзақ уақыт белсендiлiгiн жоқғалтпайды.
- Гликокаликс биологиялық електiң ролiн атқарады, микробтарға бөгет болады.
Мембранада ас қорыту – тасымалдау конветтерi қалыптасады, сiңу процесi жүредi.
Мембраналық ас қорыту механизмi –әмбебап құрылыс. Ол қарапайым бiр клеткалы организмге де, жоғары сатыда дамыған жануарларға да тән процесс.
Қазақстанда ауыл шаруашылық малдарының мембраналық ас қорыту процесiн зерттеу академик Н.У. Базанова және профессор Т.У. Измаилов жүргiзiп, мембраналық ас қорыту тек малдың iшегiнде ғана емес алдыңғы бөлiмдерiнде де жүретiнi анықталған.
Сонымен қорыта айтсақ, мембраналық ас қорыту ас қорытудың соңғы сатысы, заттарды сiңу процесiне дайындап, ас қорыту мен сiңу процесiн үйлесiмдi жұмыс атқаруын қамтамасыз етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет