Эозинофилдер лейкоциттердің 1-5% құрайды. Олардың цитоплазмасындағы дәндері қышқыл бояулармен (эозин және т.б) боялатындықтан атауы соған байланысты. Эозинофилдер фагоцитарлы қасиетке ие, бірақ қанда олардың саны кем болғандықтан, атқаратын қызметі үлкен емес. Эозинофилдердің негізгі атқаратын ролі зиянкестердің ақуызды түрін, бөгде ақуыздарды, антиген жиынтығы-антиденені жоюға және зарарсыздандыруға негізделген. Эозинофилдер базофилдер гранулдарын және құрамында гистамині көп бұлт жасушасын фагоцитоздайды. Эозинофилдер қабылдаған гистаминді жоятын гистаминаза-ферментін бөледі.
Эозинофил арқылы гистаминді ассимиляциялау мен бейтараптандыру кезінде қабыну ошағындағы өзгеріс азаяды. Аллергия кезінде, бактерияға қарсы терапия кезінде эозин мөлшері көбейеді. Бұл құбылыс кезінде бұлт жасушасы мен базофилдер бұзылып, онымен бірге гистаминдер босанып шығып, оларды бейтараптандыруға көп мөлшерде эозинофилдер бөлінетіндігімен түсіндіріледі.
Базофилдер (лейкоциттердің 0-1% ) гранулоциттердің ең аз санын құрайды. Олардың ірі дәндері негізгі бояулармен боялатындықтан, өз атауына ие болып отыр. Базофил қызметі құрамында биологиялық активті заттардың болатындығымен түсіндіріледі. Бұлар да біріктіруші ұлпалардың бұлт жасушалары сияқты гистамин мен гепаринді өндіреді де, гепариноциттер тобына жатқызылады. Базофилдер саны қабыну және созылмалы қабыну кезіндегі регенерация (аяқталушы) фазасында көбіне көбейеді. Базофилдердің гепарині қабыну ошағындағы қанның ұюын тежейді де, ал гистамин капиллярларды кеңейтіп, сорылу мен жазылуды тездетеді.
Моноциттер лейкоциттердің 2-10 % құрап, амёбатәрізді қозғалып, фагоцитарлы және бактериоцитті белсенділігімен байқалады. Моноциттер 100 микробқа дейін жоя алады, ал нейтрофилдер тек 20-30 ғана жояды. Қабыну ошағында моноциттер нейтрофилдерден кейін пайда болып, ең жоғарғы белсенділігін қышқыл ортада көрсетеді, ал нейтрофилдер бұл уақытта белсенділігін жоғалтады. Қабынған ошақтағы моноциттер-микробтарды, тіршілігін жойған лейкоциттерді, қабынған ұлпалардағы бүлінген жасушаларды жұтып, қабынған аумақты тазалап, оны регенерацияға дайындайды. Осы қызметі үшін моноциттер “ағзаның сыпырушысы” атауын алған.
Моноциттер-мононуклеарлы фагоцитарлы құрылымның орталық бөлшегі. Бұл құрылымның айырмашылық белгілері фагоцитоз бен пиноцитозға қабілеттілігінде, комплект пен антиденеге рецепторының барлығында, шығуы мен морфологиясының ортақтығында. Моноциттер ұлпаларға орын ауыстырған соң макрофагтарға ауысады Фагоцитоздан бөлек макрофагтар спецификалық иммунитет түзілуіне де қатысады. Бөгде заттарды жұтып оларды қорытып, ерекше қосылысқа-иммуногенге айналдырады. Ол өз кезегінде лимфоциттермен қосылып.өзіндік жауап дайындайды.
Макрофагтер қабыну мен регенерацияға, липидтер мен темір алмасуына қатысады, ісікке қарсы вирусқа қарсы тұру қасиеттеріне ие. Бұл олардың лизоцим, комплект, интерферон, эластаза, коллагеназа секреттерін бөлуіне, плазминоген активаторын, фибриногенді фактор түзуіне байланысты (олар коллаген синтезін, фиброзды ұлпа түзуді тездетеді)