Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Жүрек қызметі. Адам жүрегi күнi- түнi тоқталмастан белгiлi бiр ырғақпен жұмыс iстеп ағзадағы барлық ұлпаларға қажеттi мөлшерде өз уақытында жеткiзедi. Жүрек қызметiн реттейтiн механизмдердi үш топқа б



бет77/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

4. Жүректің қызметінің реттелуі.

Жүрек қызметі. Адам жүрегi күнi- түнi тоқталмастан белгiлi бiр ырғақпен жұмыс iстеп ағзадағы барлық ұлпаларға қажеттi мөлшерде өз уақытында жеткiзедi. Жүрек қызметiн реттейтiн механизмдердi үш топқа бледi.


1. Клеткалық немесе интерацеллюлярлық реттеу механизмi. Бұл механизмдi жүрек еттерiнiң әрбiр клеткаларының генетикалық аппараттары, органелдерi, иондық- мембраналық тетiктерi, ферменттiк жүйелерi түзедi. Миокард клеткаларындағы қозу мен жиырылу процестерiнiң пайда болуын, олардың ара байланыстарын, энергия және пластикалық алмасуларды қамтамасыз етедi.
2.Интеракардиалдық (ағзалық) реттелу. Жүректегi интерамуральды нерв түйіндерi жүрекшелер мен жүрекше аралық пердеде, қарынша еттерiнiң жоғарғы бөлiктерiнде орналасқан. Жүректiң нейрондары ұшында орналасқан рецепторлар жүрек етiндегi механикалық және жүрек қуысындағы гидродинамикалық өзгерiстердi қабылдап аралық нейрондарға, қозғалтқыш нейрондарға жеткiзiп отырады, содан рефлекс арқылы жүрек қызметiнде өзгерiстер тудырады.
3. Жүректен тыс (экстракардиалық) реттелуi. Нервтi- рефлекторлы және гуморальды механизмдер арқылы iске асады.
Жүрек қызметiн реттейтiн орталық сопақша мида орналасқан арнаулы рефлекторлы жолмен симпатикалық және кезеген нервтер арқылы реттейдi.
Кезеген нерв жүрек жұмысына терiс әсер етедi: ырғағы баяулайды терiс хронотроптық әсер), жүрек еттерiнiң жиырылу күшi әлсiрейдi (өрiс инотропты), қозғыштығы төмендейдi (терiс батмотропты әсер), өткiзу жылдамдығы азаяды(терiс дромотропты әсер), жүрек етiнiң тонусы төмендейдi (терiс тонотропты әсер).
Симпатикалық нервтiң жүрекке әсерiн орыс ғалымы Цион (1865), кейiнiрек И.П.Павлов (1887) ашты. Жоғарыда аталған терiс әсерлер, симпатикалық нерв оң әсер етедi: ырғағы, күшi, өткiзгiштiгi, қозғыштығы, тонусы жоғарылайды.
Қалыпты жағдайда парасимпатикалық және симпатикалық нерв орталық-тарының арасында тығыз байланыс қалыптасқан. Брадикардия- жүрек жұмысының баяулауы, бұл кезеген нервтiң тонусы ұзақ уақыт күшейсе, ал кезеген нервтiң тонусы әлсiресе жүрек жұмысы жиiлейдi, мұны тахикардия деп атайды.
Жүрек жұмысы рефлекторлық түрде де реттеледi. Мысалы, адамдағы-ренiш- қуаныш сезiмдерi жүрек жұмысын өзгертедi.
Жүрек қызметiнiң гуморальды реттелуi қан мен лимфа құрамындағы түрлi биологиялық белсендi заттардың әсерiмен жүредi.
Медиаторлар- ацетилхолин баяулатады, симпатин- жүрек жұмысын үдетедi.
Гормондар- адреналин, тироксин, глюкогон жүрек жұмысын жақсартады. Калий, калций, натрий иондары жүрек жұмысына әсер етедi. Кальций жүрек еттерiнiң қозғыштығын жоғарылатып, жүрек жұмысын күшейтедi, ал калий иондары керiсiнше төмендетедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет