Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша


Лимфоциттер ақ түйіршіктердің 20-40 % құрайды. Ересек адамда 10*12



бет70/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Лимфоциттер ақ түйіршіктердің 20-40 % құрайды. Ересек адамда 10*12 лимфоцит құрап, жалпы салмағы 1,5 кг құрайды. Лимфоциттің бүткіл лейкоциттерден айырмашылығы ол тек ұлпаларға еніп қана қоймай, сондай-ақ қанға қайтып бара алады. Сонымен қатар лейкоциттердің басқаларына қарағанда бірнеше күн ғана өмір сүрмей, 20 және одан да көп күн өмір сүре алады (кейбіреулері өмір бақи өмір сүреді).
Лимфоциттер ағзаның иммундық жүйесінің орталық бөлігіне жатады. Олар спецификалық иммунитет құрады және ағзадағы иммундық бақылау (цензура), бөгде заттардан қорғау және ішкі ортаның генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Лимфоциттер бойларында болатын рецепторлардың арқасында “өзінің” және “бөгде” заттарды айыра алатын, бөгде ақуызбен соқтыққанда белсенділгінен алатын керемет қасиетке ие. Лимфоциттер қорғаушы антиденелер түзуге, бөгде затты ыдыратуға, трансплантантты қуып шығаруға, иммунды есте сақтау (бөгде затпен қайта кездескенде күшейген екпінмен жауап беру), өзіндік мутант жасушаларын жоюға негізделген. Жоғарыда айтылған қызметтерді лимфоциттердің арнаулы формалары атқарады. Барлық лимфоциттер үш топқа бөлінеді: Т-лимфоциттер (тимусқа бағынышты), В-лимфоциттер (бурса бағынышты) және нолдік.
Т-лимфоциттер сүйек миында түзіліп, айырша безде (тимус) дифференциалданып, сосын лимфа түйіндеріне, көкбауырға орнығады немесе қанда жүріп бүкіл лимфоциттің 40-70% иеленеді. Т-лимфоциттердің бірнеше түрі бар, бәрі белгілі қызмет атқарады. Хелпер-жасушалары (көмекшілер), В-лимфоциттермен қосылып, оларды плазматикалық жасушаға айналдырады. Супрессор жасушалар (езгілеуші), В-лимфоциттің шексіз әсер етуінен қорғап, лимфоциттердің үнемі арқатынасын сақтап тұрады. Олар бөгде заттарға әсер етіп жояды. Осылайша киллер-жасушалар ісікті жасушаларды, бөгде трансплантанттардың жасушасын, жасуша-мутанттарды жойып, генетикалық гомеостазды сақтайды. Бір киллер жасуша бір бөгде жасушаны өлтіреді. Киллер жасушалар иммунитеттің медиаторын немесе лимфокиндерді бөліп, олар лизасомалық ферменттердің активациялануы немесе макрофагтары арқылы бөгде заттарды өлтіреді. Т-лимфоциттердің ішінде иммунды есте сақтау жасушасы мен амплифайер жасушасын бөліп, олар киллер жасушаны активтендіреді. Иммунды бақылауда Т-лимфоциттер маңызды роль атқарады. Олардың қызмет атқаруы әлсіреген жағдайда ісіктердің пайда болу қаупі күшейіп, аутоиммунды аурулар (өз ұлпалары бөтен болып қабылдануы), түрлі инфекцияларға бейім болып қалады.
В-лимфоциттер кемік майында түзіледі, бірақ сүт қоректілерде ішек лимфоидты ұлпасында, құрттәрізді өсіндіде, таңдай және жұтқыншақта түзіледі, қанда лимфоциттердің 20-30 % құрайды. В-лимфоциттердің негізгі қызметі-гуморальды иммунитетті антиденені бөлу арқылы өндіру.
В-лимфоциттер антигендермен жолықан соң кемік майында, көкбауырға және лимфа түйіндерге орын ауыстырып және жасушаларға жеткізіліп, сол жерде көбейеді. Ал олар антидене-иммунды ч-глобулиннің жасаушысы болып табылады.
В-лимфоциттер өте мамандандырылған : олардың әрбір тобы (клон) тек бір ғана антигенмен әсерлесіп, тек бір соған ғана қарсы антидене жасауға жауап береді. В-лимфоциттерінің өзі ішінара маманданған: В1-жасушасы бөтен затқа полисахарид түзеді. В2-жасушасы Т-хелпермен қосылып бөгде ақуызға қарсы иммунитет түзеді. В3-жасушалар немесе К-жасуша цитотоксикологиялық белсенділігінің арқасында В-киллер (өлтіруші) қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет