Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет71/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Тромбоциттер және оның қызметі.
Тромбоцит - қан тақташасы, екі жағы дөңес дөңгелек не сопақша құрылым, диаметрі 0,5-4 мкм (эритроциттен 2-8 есе кіші). Сау адамның 1л қанында 180-320*10 тромбоцит болады. Орта есеппен тромбоцит 8-11 тәулік жасайды. Ол сүйек кемігінде мегакариоциттен түзіледі, бір мегакариоциттен 3000-4000 қан тақташасы бөлініп шығады. Тромбоциттің химиялық құрамы өте күрделі. Ол көптеген ферменттерден, олардың ішінде АТФ-ны және лизоцин, адреналин, норадреналин гармондарының он бір шақты қанды ұйытатын факторлардан тұрады. Бұлармен бірге тромбоцит құрамына жиырылатын қабілеті бар ақуыз тромбоцитінен кіреді.
Тромбоциттердің саны қанда кешке қарай күндізгіден көбірек, ол қуаныш, реніш, қайғы-қасірет шаттану т.б. себептерден де, тамақ ішкеннен кейін де көбейеді. Қаннан сыртқа шыққан соң тромбоциттер тез бұзылады, сондықтан олар санар алдында қанға химиялық заттар қосып, тез санау қажет.
Тромбоциттердің қызметі.
1.Ангиотрофикалық қан тамырды коректендіру функциясы. Қан тамырлар-дың қалыпты құрлысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар. Қан тамырының эндотелиі ағып жатқан қаннан қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қаннан сорып алады да әлсін, эндотелий мен түйіскен кезде оған беріп отырады.
Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асырап сақтаушысы» деп бекер айтпаған. Қанда тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоректік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы өзгереді, капилляр кенересі селдіреп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл ұлпаларда қан құйылуына әкеліп соғады, ұлпаларда көптеген ұсақ нүкте тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік функциясын барлық тромбоциттердің 15%-і ғана атқарады .
2.Ангезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) функциясы. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің пішіні өзгереді. Оның протоплазмасында өсіктер (жалған аяқтар) болады. Олар жабысқақ келеді, эндотелий жарақатталған жердегі негізі мембранаға бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Бұл процесс агрегация деп аталады. Агрегация тамырдың ішкі бетінде ғана емес қанның ішінде де пайда болады. Сөйтіп жарақаттанған жерден қан тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды.
3.Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) функциясы қан тамыры саңылауын тарылтады (спазма).Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.
4.Қан ұйыту функциясы (гемокоагуляциясы) Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар (олардың жалпы саны 10-нан асады) болады, араб санымен белгілейді. Олар қан ұюының тромбоциттік факторлары деп аталады.
1 - фактор тромбоциттердің бетіне адсорбцияланған плазмалық проакцилерін (VIф),бұл протромбиннің тромбинге айналуын тездететін фактор;
2 - фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор;
3 - фактор тромбоциттік тромбопластин. Тромбопластин тромбоцит мембранасында және түйіршіктерінде болатын фосфолипид. Ол тромбоцит жарылған сәтте сыртқа шығып, қан ұюының бірінші фазасына қатысады.
4 - гепаринге қарсы тұратын фактор ол гепаринмен әрекеттесіп, қан ұюуын (гемокоагуляцияны) тездетеді.
5 - фактор фибриноген тәрізді зат тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, үйінді (агрегат) жасалуына әсер етеді.
6 - фактор тромбостенин (ретрактозим) - ұйыған қанды тығыздайды, актин мен миозин белоктарына ұқсас. Бұл да актин мен миозин тәрізді жиырылу кезінде АТФ-энергиясын жұмсайды.
7 - Фактор антифибринолизин, фибринолизин жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді.
8 - фактор серотонин қан тамырларын тарылтады.
9 - фактор фибриннің сақталуын қамтамасыз етеді.
10 - фактор қан тамырларын тарылтатын фактор
11 - фактор агрегация факторы, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйюды құруды тездететін тромбоксин деген зат. Қан тамырының эндотелийі агрегацияға кедергі жасайтын простациклин деген затын бөліп шығарады. Осы аталған әсерлі қарама-қарсы 2 заттың (тромбоксин, простоциклин) қан-дағы арақатынасына қарай қанның ұйюуы шапшаңдайды не тоқтайды.
5.Тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қан тамырларының табиғи құрлысын сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет