Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет73/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Бақылау сұрақтары:
1.Лейкоциттер, олардың түрлері, атқаратын қызметі
2.Томбоциттер қызметі
3.Қанның ұю процестерiнiң механизмi-тамыр тромбоциттiк, коагуляциялық механизмдердi сипаттаңыз.
4.Адам қаны топтарына сипаттама берiңiз.
5.Гемопоэз, қан жасушаларының тұзiлуi және реттелуi.


Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
1. Т.Н.Несіпбаев., А.Қ.Несіпбаева. Адам және жануарлар физиологиясы . Алматы, «ҚР ЖОО Қауымдастығы», 2012 ж. 436 бет.
2. Жумадина Ш.М. Адам және жануарлар физиологиясы : биология маман. студ. арналған оқу құралы / Ш. М. Жумадина. - Алматы : "Эверо", 2015. - 156 с.
3. . Сәтбаева, Х.Қ. Адам физиологиясы : Оқулық - Алматы : "Эверо", 2015. - 664б.
4. Тағайбекова Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы: Биология маманд. студ. үшін / Д. С. Тағайбекова. - Шымкент : ОҚМУ, 2015, -122 б.
5. Несiпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы.Оқулық-диалог,сұрақ-жауап[Мәтiн]: оқулық / Несiпбаев,Т. - өңделіп,толықтырылған 2-шi бас. - Алматы: "Дәуір",2015. - 454 с.
Қосымша әдебиеттер
1. Аханов Ү.Қ. «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практи-кум / Ү.Қ. Аханов - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020.– 144 б.
2. Тағайбекова,Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша : Биология маманд. студ. арналған зертханалық практикум / Д. С. Тағайбекова, - Шымкент : ОҚМУ, 2015 o=эл. опт. диск (CD-ROM)


Лекция № 19. Жүрек, қан тамырлар жүйесi


Лекция жоспары:

  1. Қан айналымының жалпы желiсi.

  2. Жүректiң құрылысы және қызметi.

  3. Жүрек етiнiң физиологиялық қасиеттерi.

4. Жүректің қызметінің реттелуі.


Лекция түрі: Миға шабул
Тірек ұғымдары: «жүрек жұмысының кезеңдері», «жүрек автоматизмі», «жүрек жұмысының реттелуі», «электрокардиограмма», «лимфоциттер»


1. Қан айналымының жалпы желiсi.
Қан организмде үнемi тоқтаусыз айналыста болады да, өзiне тән физиологиялық қасиеттердi атқарады. Канның тоқтаусыз ағуы қан айналу жүйесi мүшелерiнің қызметiне байланысты.
Қан айналу жүйесi барлық омыртқалыларда тұйық болады. Бұл жүйенiң орталық мүшесi жүрек. Қан айналысының ұлкен және кiшi шеңберi бар. Қан айналымының ұлкен шеңберi сол қарыншадан қолқа тамыры, артертиялар,капилярлар мен вена арқылы оң жүрекшеге құяды.
Қан айналымының кiшi шенберi оң қарыншадан өкпе артериясы арқылы өкпеден өтiп, оттегiне қанығып, өкпе венасы аркылы сол жүрекшеге келедi. Қан айналымының үлкен шеңберi организмде зат алмасу қызметiн атқарса, кiшi қан айналым шеңберi газдар алмасу ролiн атқарады.
Қан айналу жүйесiнiң ең қарапайым түрi балықтарда (екi камералы- қарынша,жүрекше), қосмекендiлер жүрегi (ұш камералы – екi жүрекше ,бiр қарынша), ал құстар мен сұт қоректiлердiң жүрегi төрт камералы- екi жүрекше, екi қарынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет