Бақылау сұрақтары: 1. Интеракардиалдық және экстракардиалдық реттеу механизмдерi.
2. Жүректiң систолалық ,минуттық көлемi дегенiмiз не.
3. Жүрек жұмысына гармондардың әсерi.
4. Қанның тамырлармен жылжу себебiн түсiндiрiңiз.
5. Лимфаның түзiлуi, реттелуi.
Әдебиеттер Негізгі әдебиеттер: 1. Т.Н.Несіпбаев., А.Қ.Несіпбаева. Адам және жануарлар физиологиясы . Алматы, «ҚР ЖОО Қауымдастығы», 2012 ж. 436 бет.
2. Жумадина Ш.М. Адам және жануарлар физиологиясы : биология маман. студ. арналған оқу құралы / Ш. М. Жумадина. - Алматы : "Эверо", 2015. - 156 с.
3. . Сәтбаева, Х.Қ. Адам физиологиясы : Оқулық - Алматы : "Эверо", 2015. - 664б.
4. Тағайбекова Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша дәрістер жинағы: Биология маманд. студ. үшін / Д. С. Тағайбекова. - Шымкент : ОҚМУ, 2015, -122 б.
5. Несiпбаев,Т. Адам және жануарлар физиологиясы.Оқулық-диалог,сұрақ-жауап[Мәтiн]: оқулық / Несiпбаев,Т. - өңделіп,толықтырылған 2-шi бас. - Алматы: "Дәуір",2015. - 454 с.
Қосымша әдебиеттер 1. Аханов Ү.Қ. «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практи-кум / Ү.Қ. Аханов - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020.– 144 б.
2. Тағайбекова,Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша : Биология маманд. студ. арналған зертханалық практикум / Д. С. Тағайбекова, - Шымкент : ОҚМУ, 2015 o=эл. опт. диск (CD-ROM)
Лекция түрі:Пікір алмасу Тіректік ұғымдар: «өкпе», «бронхы», «альвеолалар», «дем алу», «дем шығару», «өкпедегі газ алмасу»
1. Тыныс алудың маңызы және оның кезеңдері. Организм тiршiлiгi үшін үнемi оттегiн қажет етедi. Оттегiнiң қатысуымен организмде тотығу процесi өтедi. Органикалық заттардың тотығуы нәтижесiнде клеткалар мен ұлпалар тiршiлiгiне қажет энергия пайда болады.
Тыныс алу деп организмнiң ауадан оттегiн сiңiрiп, көмiр қышқыл газын бөлуiн айтады. Бiр клеткалы қарапайым жәндiктер мен төменгi сатыдағы көп клеткалы организмдерде газ диффузды түрде бүкiл дене бетiнiң қатынасуымен алмасады. Насекомдарда түтікшелер жүйесiнiң арқасында жүредi, балықтар желбезек арқылы суда ерiген оттегiмен тыныс алады. Қос мекендiлерде қарапайым өкпе пайда болады, бiрақ газ алмасу процесi негiзiнен терi арқылы жүредi.
Жоғарғы сатыдағы жануарлар мен құстарда өкпе жақсы дамыған.
Тыныс алу мүшелерi: мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңiрдек, бронхы және бронхиолдар, оң және сол өкпе құрайды.
Дем алу кезеңiнде ауа жоғары тыныс жолдарында шаң-тозаңнан тазарып, жылиды, дымқылданады. Тыныс жолдарында жұтылған ауаның 30% қалады, газ алмасуға қатыспайды. Сондықтан бұл аралықты “өлi” кеңiстiк деп атайды.
Негiзгi газ алмасу өкпеде жүредi. өкпе ұлпасы альвеолалардан құралған. Альвеолалар қабырғасы бiр қабат жалпақ эпителийден түзiлген де, оның сыртқы жағында аз мөлшерде серпiмдi талшықтар орналасады, көптеген қан капиллярлары қоршайды.
Альвеоланың iшкi бетi сурфактан деп аталатын ерекше сұйықтықпен қапталған.
Альвеолалардың жалпы беткейi 200 м құрайды.