Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет83/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   119
Пневмоторакс –плевра аралық қуысқа атмосфералық ауа сорылып, өкпе семiп қалады (ателектаз) өкпенiң қызметi тоқтайды.
Тыныс алу үш типке бөлiнедi.
1.Көкiректiк (костальдық) түр, тыныс алу көкiрек еттерiнiң қатысуымен жүредi.
2.Құрсақтық (абдоминальдық) түр,тыныс алу құрсақ еттерiнiң қатысуымен жүредi.
3.Аралас (костальдық-абдоминальдық) түр, аралас тыныс алу.
Тыныс жиiлiгi адамдар минутына 14-тен 20-ға дейiн, ал жануарлар: жылқы-8-16рет; тұйе-12; iрi қара –10-30; қой-10-20; ит-10-18рет.
Өкепнiң тiршiлiк және жалпы сиымдылығы. Өкпе қуыс мүше болғандықтан, ол белгiлi мөлшерде ғана ауа сиғыза алады.
Тыныс ауасы- адам тыныштық жағдайда 500мл ауа жұтып, дәл осы мөлшерде дем шығарады. Қосымша ауа- тыныс ауасына адам терең дем алғанда қосымша 1,5л жұта алады. Резервтiк (қосымша) дем шығару ауасы-1,5л.
Осы аталған: тыныс ауасы, қосымша тыныс ауасы, қосымша дем шығару ауасы өкпенiң тiршiлiк сиымдылығын құрайды. Оның көлемi ересек адамда 3500-5500мл-дей. Спирометр арқылы анықтауға болады. Өкпенiң тiршiлiк сиымдылығы адамның жасына, малдың түрiне, жынысына, бойына, дене еттерiнiң керегiне байланысты болады. Терең дем шығарған соңда өкпеде 1000-1500мл ауа қалып қояды, мұны қалдық ауа деп атайды. Қалдық ауа және өкпенiң жалпы сиымдылығын құрайды.
Өкпенiң белгiлi бiр уақыт iшiнде ауа алмастыру қабiлетiн өкпе желдеткiшi деп атайды. Бiр минут iшiнде өкпе арқылы өткен ауа мөлшерiн өкпе желдеткiшiнiң минуттық көлемi дейдi.
3. Тыныс алудың химизмі.
Өкпедегi газ алмасу. Организм тыныс алу процесi кезiнде атмосфералық ауаны қабылдайды. Оның құрамы кестеде келтiрiлген.
Организм сыртқы ортадан қабылдаған ауа қоспасынан тек оттегiн сiңiрiп, көмiр қышқыл газын бөледi. Газдардың алмасуы олардың меншiктi қысымының айырмасына сәйкес жүредi.(кесте1) Газ қысымы көп жақтан қысымы аз жаққа өтедi. Сондықтан өкпеде оттегi қанға өтедi, ал қаннан көмiр қышқыл газы өкпеге өтедi, ал артериалдық капиллярларда оттегi қаннан ұлпаға, ал ұлпадан көмiр қышқыл газы қанға өтедi.

Газдар

Ауаның құрамы (%) және меншiктi қысымы (с.б.м.)

Тыныс ауасы

Парциал қысым

Деммен шыққан ауа

қысым

Альвеола ауасы

қысым

Артериа
лық қан (с.б.мм.)

Венозық қан (с.б.мм.)

Оттегi
Көмiр қышқыл газы
Азот
Су буы

20,82
0,03

79,15
0,15



158,25
0,30

596,45
3,8



16,3
4,0

79,7
6,5



116,2
28,5

568,3
47,6



13,9
5,62

80,48
6,5



101,1
40,0

571,8
47,6



95,0
40,0

573,0
-



40,0
46,0

573,0
-



Қанның газдық құрамы- артерия қанында 18-20 көлем процент оттегi, 40 көлем процент көмiр қышқыл газы, 1көлем процент азот болады. Вена қанында 12көлем процент оттегi, 50-56 көлем процент көмiр қышқыл газы.


Қанда газдар ерiген және қосылыс түрiнде болады. Оттегiнiң 2% ерiген түрде, ал қалғаны гемоглобинмен қосынды түрде тасымалданады. 1г гемоглобин 1,32мл оттегiн қоса алады. Ал адам қанында 15г% гемоглобин болады. Сонда 100мл қан 21мл оттегiн тасымалдай алады. Осы қанның оттектiк сиымдылығын көрсетедi. Гемоглобиннiң оттекпен қанығуы оттегiнiң меншiктi қысымына байланысты. Мысалы, оттегiнiң меншiктi салмағы 26,5с.б.мл тең болса, гемлглобин 50% оттегiмен қанығады.
Көмiр қышқыл газының 3-6% қанда ерiген кұйiнде тасымалданады, 4,5% карбогемоглобин, 51% химиялық қосынды (көмiр қышқылы, оның тұздары- NaHCO3 KHCO3)
Клеткадағы көмiр қышқыл газ алдымен плазмаға, одан әрi эритроциттерге өтiп, осмостық қысымын жоғарылатады да плазмадан оған су өтедi. Эритроциттерде карбоангидраза ферментiнiң қатысуымен көмiр қышқылы түзiледi:
СО2+ Н2О-Н2СО3
Н2СО3+НСО3
Эритроцитке өткен СО2 тез Н2СО3 айналуына байланысты клетка iшiнде НСО3 ионының концентрациясы жоғарылайды да, ол плазмаға өте бастайды. Бұл иондардың орнына плазмадан эритроциттерге хлор ионы өтедi де, плазмада натрий иондарының артық мөлшерi пайда болады. Олар NаНСО3 түзедi.
Қорыта айтсақ, эритроциттер құрамында гемоглобин мен карбо-ангидразаның болуына байланысты оттегiн де, көмiр қышқыл газын да тасымалдауда маңызды роль атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет