Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет80/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

3. Тамырлар арнасының реттелуi.
Тамырлар арнасын реттейтiн орталық сопақша мидың IV қарыншасының түбiнде орналасатынын 1871жылы В.Ф.Овсянников дәлелдедi. Орталық прессорлық және депрессорлық бөлiктерден тұрады. Прессорлық бөлiктi тiтiркендiргенде артериялар арнасы тарылып, қан қысымы жоғарылайды.
Симпатикалық нерв (Вольтер, 1842ж) талшықтары қан тамырларын тарлытады, вазоконстриктерлер, ал парасимпатикалық нервтер қан тамырларын кеңейтiп, вазоилаторларға жатады.
Сонымен қатар қан тамырлары арнасын реттейтiн екiншi дәрежелi орталық жұлының кеуде бөлiгiнде орналасады.
Ми қыртысындағы орталықтар қан айналу жүйесi қызметiнiң сыртқы орта жағдайларына қарай өзгеруiн қамтамасыз етедi.
Қан тамырларының арнасын реттеуге қан құрамындағы тұрлi химиялық заттарда әсер етедi. Мысалы: адреналин, вазопрессин гормондары тамырларды тарылтып, қан қысымын көтередi. Тамырларды кеңейтетiн заттарға- ацетилхолин, гистамин, брадикинин, АУФ т.б. жатады.
Қан айналымы рефлекторлы түрдеде реттеледi. Бұған әсер ететiн рефлексо-гендiк аймақтар. Рефлексогендiк аймақтар- қан тамырларының сезiмтал нерв ұштары жинақталған аймақтарды атайды. Олар қолқа, синокаротид және Бейнбридж аймақтары.
Қолқаның рецепторлық аймағы депрессор нервнiң сезiмтал ұштарынан құралған. Егер қолқа тамырында қысым жоғарыласа онда жүрек жұмысы баяулап, тамыр қабырғасы керiлiп қысым төмендейдi.
Синкаротид аймағының барорецепторлы қысымының жоғарылауына байла-нысты тiтiркенсе, жүрек жұмысы баяулап, қан тамырлары кеңидi де, қысым төмендейдi.
Бейнбридж аймағы- қуыс веналар сағасында орналасқан сезiмтал нерв ұштары құрайды. Егерде жүрекке қан көбiрек ораласа, жүрекшелермен қуыс веналар керiлiп, олардың қабырғасында орналасқан барорецепторлар тiтiркенедi де, рефлекторлы түрде жүрек жұмысы жиiлеп, қан тезiрек артерияларға қуылады.
4. Лимфа сұйықтығы және оның маңызы.
Лимфа жүйесi- ұлпа аралық сұйықтық құрамындағы су, тұз, белок, липид алмасу кезiнде пайда болған әртүрлi заттардың микроб, т.б. заттардың вена жүйесiне өтуiн қамтамасыз етуi. Лимфа организмнiң iшкi ортасын қанмен байланыстырады.
Лимфаның негiзгi қасиетi- белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерiнде маңызды роль атқарады.
Лимфа жүйесi лимфа тамырларынан, лимфа түйiндерiнен, көкiрек және мойын өзектерiнен тұрады. Лимфа тамырларының қабырғасы 3 қабықтан тұрады, қақпақ-шалары болады. Адамның лимфа жүйесi капиллярлардан басталады. Олар көк бауырда, ми мен жұлында, көз алмасының қапшығында, шемiршекте, терi эпидермисiнде, басқа да ағзаларда тарамданбаған. Ересек адамда 450-700 лимфа түйiндерi болады. Олардың жалпы салмағы дене салмағының 7%-не тең.
Лимфа мөлдiрлеу, ересек адамда сәл сарғыштау, жаңа туған нәрестеде сүт түстес ақ. Меншiктi салмағы 1,017-1,026, рН-8-9;
Химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас. Құрамындағы минерал тұздар мен органикалық қосылыстардың мөлшерiде қан плазмасындағыдай, бiрақ белок мөлшерi аз-0,3-0,5 %. Лимфа құрамында фибриноген аздау, тромбоциттер мүлдем жоқ. Сондықтан лимфа, өте баяу ұйиды(10-15мин). Лимфада өте ұсақ (хиломикрондар) липидтер, гормондар (адреналин, тироксин), ферментер (амилаза, мальтоза, липаза, протеаза) және лимфоциттер мен лейкоциттердiң басқа түрлерi болады.
Адам денесiнде қанша лимфа бар екенi белгiсiз. И.Русньяковтың мәлiметi бойынша лимфа тамырларында 1-2 литр лимфа бар, ал кейбiреулер лимфаны қан көлемiнен бiрдей деп санайды.
Лимфа түйiндерi мен лимфа жүйесi әртүрлi қызмет атқарады:
- Биологиялық иммунитет және лимфоцит түзу.
- Энергиялық және пластикалық қызмет.
- Май, су, тұздардың алмасу процесiне қатысады.
- Тосқауылдық (барьерлiк) қызмет.
- Дренамдық және резорбциялық қызмет.
- Липовитаминдер
Лимфаның түзiлуi ұлпа аралық сұйықтықтың лимфа капилляр-ларының өтуiнен басталады, бiрнеше кезеңде өтедi. Вена капиллярларындағы сұйықтық пен онда ерiген заттар, клетка аралық кеңiсткке өтедi. Аталған заттар дәнекер ұлпаға өтiп, соны жайлап алады. Вена капиллярлары арқылы сүзiлуi қайтадан қанға сiңедi (резорбция)
Лимфаның түзiлуi 3 факторға байланысты
1.Қан мен лимфа капиллярында, ұлпа аралық кеңiстiктегi гидростатикалық қысым айырмашылығына;
2. Жалпы осмостық және онкостық қысым айырмашылығы;
3.Қан мен лимфа капиллярлары эндотелiнiң өткiзгiштiк қасиетiне байланысты.
Лимфаның ағысы. Лимфа бiр бағытта капиллярлардан лимфа тамырларына, одан әрi мойын және көкiрек өзектерi арқылы қан тамырлар жүйесiнiң веналық бөлiмiне қарай жылжиды. (100-300мл қанға құйылатын лимфа мөлшерi)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет