Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет85/119
Дата28.03.2023
өлшемі1,95 Mb.
#76918
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119
Байланысты:
Лекция АжФ

Қосымша әдебиеттер
1. Аханов Ү.Қ. «Адам және жануарлар физиологиясы» зертханалық практи-кум / Ү.Қ. Аханов - Алматы: «Эверо» баспасы, 2020.– 144 б.
2. Тағайбекова,Д.С. Адам және жануарлар физиологиясы пәні бойынша : Биология маманд. студ. арналған зертханалық практикум / Д. С. Тағайбекова, - Шымкент : ОҚМУ, 2015 o=эл. опт. диск (CD-ROM)
Лекция 22 Тыныс алу жүйесінің физиологиясы
Лекция жоспар:
1.Организмдегі газ алмасу механизмі
2.Қан арқылы газддардың тасымалдануы
3.Тыныс алу үдерісінің реттелуі


Организмдегі газ алмасу механизмі. Тыныс алу үдерісі кезінде организм атмосфералық ауаны қабылдайды. Атмосфералық ауа әртүрлі газдардың қоспасы. Оның құрамында 20,82% оттегі, 0,03% көмір қышқыл газы, 79,03% азот, 0,15% су буы болады. Ал деммен шыққан ауа құрамында 16,3% оттегі, 4,04% көмір қышқыл газы, 79,7% азот кездеседі. Демек, организм тыныстық ауадан 5 пайызға жуық оттегі сіңіріп, 4,04% көмір қышқыл газын бөледі, азот газ алмасу үдерісіне қатыспайды.
Мұндай жағдай газ алмасу үдерісінің белгілі заңдылықпен жүретінінің дәлелі. Организмде газдар өздерінің үлес қысымына сәйкес алмасады. Үлес қысым деп аудағы әрбір газдың өзі тудыратын қысым мөлшерін айтады. Мысалы, атмосфералық аудағы оттегінің үлес қысымы с.б. 158,25 мм, көмір қышқыл газдың үлес қысымы – 0,3 мм, азот қысымы – 596,45 мм. Альвеола ауасында оттегі қысымы – 101 мм, қөмір қышқыл газ қысымы – 40 мм, азот қысымы – 573,8 мм. Ал, вена қанның құрамында 12 көлем пайыз оттегі, 50-56 көлем пайыз көмір қышқыл газы жане бір көлем пайыз азот болады, осыдан ондағы оттегінің үлес қысымы 40 мм, көмір қышқыл газының қысымы – 46 мм, азоттың қысымы 573 мм шамасында сақталады. Артерия қаны, вена қаны, ұлпалық сұйық жане альвеола ауасындағы азоттың үлес қысымы өзгермейді, сондықтан азот газ алмасу үдерісіне қатыспайды. Ал басқа газдар үлес қысымы жоғары жақтан үлес қысымы төмен жаққа өтеді. Сондықтан оттегі альвеоладан вена қанына, ал көмір қышқыл газы вена қанынан альвеола қуысына өтеді. Артерия қаны оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан тазарады, сондықтан ондағы оттегінің үлес қысымы с.б. 95 мм, көмір қышқыл газ қысымы 40 мм деңгейінде сақталады. Ұлпа сұйықтығында аталған газдардың бұл көрсеткіші тиісінше 20-40 жане 60 мм, сондықтан оттегі қаннан ұлпалық сұйыққа (95-20=+75), ал көмір қышқыл газы – ұлпалық сұйықтан (60-40=+20) қанға өтеді. Сонымен, организмде газ алмасу үдерісі газдардың үлес қысымының градиентіне сәйкес жүреді: газ қысымы аз жаққа өтеді (15-сурет). Газдың қан мен альвеоладағы үлес қысымы теңескен кезде өкпеде газ алмасу үдерісі тоқтайды. Сол себепті оттегі мен көмір қышқыл газының концентрациясы артерия қаны мен дем ауасында бір деңгейде болады.

15 -сурет. Өкпедегі газ алмасу принципі


Көп жағдайда заттардың оттегімен қосылуын тотығу деп санайды.Электрондық теорияға сәйкес тотығу – атомның, малекуланың не ионның электронды беруі. Тотығу нәтижесінде әдетте энергия бөлінеді. Ал гемоглобин құрамында темір малекуласы болуымен байланысты ол оттегімен тұрақсыз, қайтарымды қосылыс – оксигемоглобин түзеді.Гем құрамындағы темірдің әрбір атомы оттегінің бір малекуласымен байланысады, басқаша айтқанда гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің төрт молекуласын қосып алады. Бұл құбылысты мына реакция түрінде бейнелеуге болады:


Hв4 + O2 = Hв4O2
Hв4O2 + O2 = Hв4 (O2)2
Hв4 (O2)2 + O2Hв 4 (O2)3
Hв4 (O2)3 + O2Hв4 (O2)4
Жоғарыда келтірілген реакциялардағы оттегінің гемоглобинмен қосылуы тотығу үдерісіне жатпайды, себебі реакция кезінде темір атомы электрон жоғалтпайды, темір екі валентті күйінде қалады. Сол себепті бұл үдеріс тотығу (оксидация) емес, оттегімен қанығу (оксигенация) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет