Таралуы: Басқа инфекция ошақтарынан гемотогенді немесе лимфогенді жолдар арқылы(жақ-бет аймағы, өкпе) немесе операциядан кейінгі жарадан инфицирлену болып табылады.
Клиникасы: Жедел басталады, t39-40°C, жедел бактериялы инфекция симптомдары(қызба, ЭТЖ лейкоцитоз). Пальпацияда: ҚБ-ұлғайған,қатайған аймақ анықталады,2 аптадан соң қатайған аймақ жұмсарып, іріңді массаға толады,зақымдалған жерде флюктуация п.б.Абцессті ашса жағдайы жақсарады, ашпаса іріңді медиастенит дамиды
Жедел іріңді емес тиреоидит
Этиология: Жарақаттануға байланысты, немесе сәулелік, ишемиялық бұзылыс салдарынан дамиды.
Клиникасы: Асептикалық қабыну, радияциялық терапиядан кейін ҚБ қан кету.
Қабыну үрдісі салдарынан фолликулярлы жасушалардың деструкциясы дамиды, олардың мембраналары және фолликулдары зақымданады. Қанға осының салдарынан тиреоглобулин түседі, ол антиген болып табылады, оған қарсы антиденелер түзіледі. Осы уақытта қанда Т3 және Т4 концентрациясы жоғарылайды.
Эпидемиологиясы
Таралу жиілігі белгісіз. Әдетте, жиі әйелдерде 30–60 жас аралығында дамиды. Жас балаларда — казуистика
Басты клиникалық белгілері
Желкеге, құлаққа, төменгі жаққа беріледі, басты бұрғанда және безді пальпациялағанда, жұтынғанда күшейетін мойын аймағындағы қатты ауыру сезімі, ұлғайған,жұмсақ консистенциялы. Тиреотоксикоз симптомдары, субфебрилитет
Диагностикасы
Аурудың ерте сатысында қанда Т3,Т4 мөлшері көбейеді. 2 сатысындаЭТЖ жоғарылауы (жиі айқын емес), лейкоцитоздың болмауы, тиреотоксикоз (жиі жеңіл), УДЗ бойынша «бұлт тәрізді» гипоэхогенді аймақтар, сцинтиграфия мәліметтері бойынша 99mTc сіңірілуінің төмендеуі немесе болмауы, оң нәтижелі Крайл тесті (преднизолонмен терапияның айқын және жылдам әсері)
Жеңіл түрлерінде-қабынуға қарсы препарат (аспирин,индометацин,метиндол) (300–600 мг әрбір 6 сағат сайын), айқын ауыру сезімі мен интоксикация синдромында — преднизолон 30 мг/тәу. 1–3 ай бойы
Болжамы
Әдетте науқас толығымен сауығады; сырқат қандай да бір емдік шара жүргізілмесе де, өздігінен ремиссияға ұшырайды