Арнайы емі ойластырылмаған. Қазіргі таңда АИТ-тың өршіп, гипотиреозға әкелуін тоқтататын, ҚБ-де дамитын аутоиммунды үрдіске әсерлі және қауіпсіз әсер ететін әдіс жоқ. Гипотиреоз дамығанда левотироксинмен орынбасушы терапия тағайындалады
Болжамы
Тиреоидты пероксидазаға қарсыдене деңгейі жоғарылаған немесе ТТГ деңгейі қалыпты әйелдерде гипотиреоздың даму жиілігі жылына — 2 %; субклиникалық гипотиреозбен (ТТГ↑, Т4 — қалыпты жағдайда) сырқаттанған және ТПО-ҚД жоғарылаған әйелдерде айқын гипотиреоздың даму жиілігі жылына - 4–5%.
Иммунды жүйесінде тұқым қуалаушылық дефект бар әйелдер, қалқанша бездің функциясының бұзылуына алып келеді. Типті даму ағымы кезінде деструктивті тиреотоксикоз кезеңі транзиторлы гипотиреоз кезеңімен ауысады, осы кезде қалқанша безінің қызметі нашарлайды
Сирек кездесетін тиреоидиттерге жедел іріңді тиреоидит, фиброздаушы Ридель тиреоидиті, сонымен бірге спецификалық тиреоидиттер (туберкулезді, сифилисті, саңырауқұлақты, актиномикозды және т.б.) жатады.
Фиброздаушы Ридель тиреоидиті
Себебі белгісіз, бұрын оны АИТ немесе фиброздаушы аурудың (Ормонд синдромы) түрі ретінде қарастырған, өйткені оның медиастенальды және ретроперитонеальды фиброзбен тіркескен жағдайлары сипатталған. Морфологиялық ірі талшықты дәнекер тінінің без капсуласынан мойын бұлшықеттеріне дейін өтуімен сипатталатын ҚБ-дің жайылмалы фиброзы анықталады. Пальпациялағанда- ҚБ ағаш сияқты қатты, көрші ағза мен тіндерді жаншуы мүмкін. Емі: компрессионды синдром кезінде- хирургиялық (жиі ҚБ қатерлі ісігіне күмән туғанда орындалады; хиругиялық емнен кейін ремиссия дамуы мүмкін
Спецификалық тиреоидиттер (туберкулезді, сифилисті, саңырауқұлақты, актиномикозды және т.б.)
Диагноз негізгі ауру белгілері мен пункциялы биопсия мәліметтеріне негізделіп қойылады. Әдетте, басты сырқатты емдеу спецификалық тиреоидитті жоюға әкеледі. Гумма, туберкулома, актиномикотикалық жыланкөздер дамығанда зақымданған ҚБ бөлігін алып тастау жөніндегі сұрақ қойылады
Ридель тиреоидит
Ауру 3 сатысы
1 саты – үрдіс без капсуламен шектелген.
2 саты – үрдіс без капсуласынан тыс шығады.
3 саты – фиброзды үрдіс көрші ағзаға тарап, мойын аймағында тығыз, қозғалмайтын, без көлемінен асқан конгломератсезіледі
Диагностика: Биопсия, УДЗ
Емі: Хирургиялық – тиреоидэктомия(фиброзды үрдіс жайылса көршілес ағзалар мен анатомиялық түзілістер зақымдалуы мүмкін)