Отбасы қоғамның ең басты ұясы. Сондықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайды, мүмкіндігіне қарай көмектеседі, кім-кімнің болсын сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге отырған, отау тіккен адамдарға мемлекет те белгілі бір талаптар кояды. Тек осындай талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына қамқорлық жасау туралы міндеттемелер қабылдайды. Мұндай талаптар кездейсоқ емес, олар азаматтардың кемелденуіне және қоғамның мүдделеріне байланысты туындайды. Сондықтан, отау тігу үшін занда көзделген шарттарды сақтау кажет. Отбасы құқығы бойынша неке бұл ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке катынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, занда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалатын еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одак.