Тақырыбы: 1-8 апта тапсырмаларына презентация әзірлеу


№3.Тақырыбы: Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы



бет2/4
Дата03.07.2023
өлшемі0,67 Mb.
#104023
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
аралық бақылау Салтанат

№3.Тақырыбы: Мұғалімнің жеке басы және оның кәсіби-педагогикалық қызметтегі қалыптасуы

Мұғалім – қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім беріп, мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-мұқтажын жоқтайды, болашағын ойлайды, соған қызмет етеді. Басқа саладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет - әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына жағдай тудыру және оларды қоғамда белгілі бір әлеуметтік рөлі орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен қатар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, өнеркәсіп басшылары, өндірістік топтар, бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Бірақ, педагогтар мұнда кәсіби қызмет атқарады. Педагогикалық ісәрекет кәсіби қызмет ретінде арнайы ұйымдастырлған білім беру орындарында жүргізіледі.

Тақырыбы:Бөж-1 1.Озық педагогикалық тәжірибелерді ұсыну, талдау жасау . Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озат педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы. Озат педагогикалық тәжірибе — педагогтың шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі бір принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа педагогтарға үлгі болып, озат тәжірибесі басқа балабақшаларға таратылады.

№4. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері  Отбасындағы сөйлеу мәдениеті. «Сөйлеу мәдениеті дегеніміз – ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуы болып табылады. Бұл нормада сөйлеу үлгісіндегі сөздерді дыбыстау, сөздің сазын келтіріп айту тәртібін айтады» ата - ана үшін ең бастысы ол баласымен тіл табыса алуы, үйде жағымды атмосфера тудыра білуі. Ал ең бастысы баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл күйін айтқызбай-ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер ата - ана үшін аса маңызды дүние. Мұғалімнің жеке тұлғасы – кәсіби қызметінің негізгі «Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ .., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек». Әл-Фараби



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет