Тақырыбы: Қаңқа сүйектерінің жас ерекшеліңктерін оқу



бет2/5
Дата08.12.2022
өлшемі54,68 Kb.
#55786
1   2   3   4   5
Сүйектерді жіктеу
Қаңқада мынадай бөліктерді ажыратады: тұлабой қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, тәстік), бас қаңқасы (бассүйек пен бет сүйектері); қол-аяқ сүйектері — иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) және қол сүйектері (тоқпақ жілік, корі жілік және қолбасы), аяқ сүйектері— (ортан жілік, сирақ сүйектері және аяқ басы).
Ересек адамның қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36—40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан және тақ, қалғандары — жұп сүйектер. Сыртқы пішіні жағынан сүйектер ұзып, қысқа, жалпақ және аралас болады. Алайда Галеннің дәуірінен бастап сүйектерді тек бірғана белгісі (сыртқы пішіні) бойынша бөлу біржақты және ескі сипаттамалық анатомияның формализмінің мысалы болып табылады, соның салдарынап құрылысы, функциясы және пайда болу тегі жағынан тіпті әр алуаи сүйектер бір топқа жатқызылады. Мәселен, жалпақ сүйектер тобына эндесмальды сүйектенетін, нағыз жабық сүйек болып табылатын төбе сүйекті де, тірек және қимыл үшін қажет, шеміршектен сүйектеніп, кәдімгі кеуек заттан құралған жауырынды да жатқызады. Сондай-ақ патологиялық процестер саусақ және білезік сүйектерде тіпті әр түрлі жүреді (олардың екеуі де қысқа сүйектерге жатқызылғанмен), немесе ортан жілік пен қабырғада да (ұзын сүйектерге жатқызылған)әр түрлі өтеді. Сондықтан сүйектерді кез келген анатомиялық жіктеу құрылуға тиісті үш принцип негізінде ажырату керек: пішіні (құрылысы), функциясы және дамуы. Осы тұрғыдан сүйектердің мынадай жіктелуін белгілеуге болады (М. Г. Привес):
I. Жілік сүйектер. Олар жілік — майлы қуысы бар түтік түзетін кеуек және тығыз заттан тұрады; барлық үш фүнкцияны атқарады (тірек, қорғаныш, қозғалыс). Олардан ұзын жілік сүйектер (тоқпақ жілік және кәрі жілік, ортан жілік және асық жілік) тіреуіш және ұзын қозғалыс рычагтары болып табылады және диафизден басқасының екі эпифизде эндохондральды сүйектену ошақтары болады: (биэпифизар сүйектер); қысқа жіліктер (білезік, тілерсек, саусақ сүйектері) қысқа қозғалыс рычагтары болып табылады; эпифизде ғана болады (моноэпифизар сүйектер).
II. Кемік сүйектер. Негізінен тығыз заттың жұқа қабатымен жабылған кемік заттан құралған. Олардың ішінде ұзын кемік сүйектер (қабырға, төстік) мен қысқа кемік сүйектерді (омыртқа, білезік, тілерсек сүйектері) ажыратады. Кемік сүйектерге тобық сүйектер, яғни күнжіт өсімдігінің дәндеріне ұқсас сүйектер жатады, олардың аттары осыдан шыққан (тізе тобығы, бұршақ пішінді сүйек, қол мен аяқтың саусақ, башпайларының тобық сүйектері); олардың атқаратын қызметі — бұлшықеттердің жұмысы үшін тетік болу; дамуы— сіңір қабатында эндохондральды жолмен. Тобық сүйектер буындардың маңайында орналасады, олардың түзілуіне қатысып, қозғалуына жәрдемдеседі, бірақ қаңқа сүйектерімен тікелей байланыспаған.
III. Жалпақ сүйектер: а) бассүйектің жалпақ сүйектері (маңдай және төбе сүйектері) негізінен қорғаныш қызметін атқарады: Олар тығыз заттың екі жұқа пластиикасынан тұрады, олардың арасында диплоэ, diploe — вена тамырлары үшін өзектері бар кеуек зат болады. Бұл сүйектер дәнекер ткань негізінде дамиды (жабын сүйектер); ә) иық, жамбас белдеулерінің жалпақ сүйектері (жауырын, жамбас сүйектері) тірек және қорғаныш қызметін атқарады, негізінен кемік заттан кұралған; шеміршек тканьнен дамиды.
IV. Аралас сүйектер (бассүйектің астыңғы сүйектері). Оларға бірнеше бөліктерден қосылатын, функциялары, құрылысы және дамуы әр түрлі сүйектер жатады. Аралас сүйектерге ішінара эндесмальды, ішінара эндохондральды дамитын бұғананы да жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет