Сүйектердің қартаюы. Қартайғанда сүйек жүйесі едәуір өзгеріске ұшырайды. Бір жағынан, сүйек пластинкалары санының азайып, сүйектің босауы (остеопороз) байқалады, екінші жағынан, сүйек өсіндісі (остеофиттер) түрінде сүйектің артық пайда болуы және буын шеміршегі, жалғамасы және сіңірлерінің сүйекке бекитін жерінде ізбестенуі жүреді. Осыған сәйкес сүйек буын аппаратының қартаюының рентгендік картинасы мынадай өзгерістерден құралады, оларды патологиялық белгілер деп түсінбеу керек.
1.Сүйек заты солуына байланысты өзгерістер: 1) остеопороз (рентгенограммада сүйек мөлдірлеу көрінеді); 2) буын бастарының деформациясы (дөңгелек пішінінің жоғалуы, жиектерінің «мүжілуі», «бұрыштары» пайда болуы).
2. Сүйекке жанасқан дәнекер тканьді және шеміршекті түзілістерде ізбестің артық мөлшерде жиналуы; 2) сіңірлердіц бекіген жерлерінде ізбестену әсерінен кедірбұдырдың көбеюі; 3) сүйек өсінділері жалғамалардың сүйекке бекитін жерлерінде ізбестенуі салдарынан түзілетін остеофиттер. Бұл сипатталған өзгерістер әсіресе омыртқа мен саусақтарда айқын байқалады. Қаңқаның басқа бөлімдерінде негізгі қартаюдың үш рентгендік белгісі байқалады: остеопороз, сүйек кедір-бүдырының көбеюі және буын саңылауының тарылуы. Біреулерде қартаюдың бұл белгілері ерте (20—40 жаста), басқаларда кештеу (60—70 жаста) білінеді. Сүйек жүйесінің онтогенезі туралы баяндалған жалпы деректерді қорына келе, тек мәйіт материалын зерттеуге қарағанда рентгенмен зерттеу қаңқаның дамуын жұмыс істеп тұрған кезінде тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді деуге болады.
Соның өзінде бірқатар калыпты морфологиялық өзгерістер байқалады: 1) негізгі және қосымша сүйектену нүктелерінің пайда болуы; 2) олардың бір-бірімен бітісіп өсуі; 3) сүйектің карттық инволюциясы. Сипатталгап өзгерістер сүйек жүйесімің жасқа байланысты қалыпты өзгерістерінің көрінісі болып табылады. Демек, «норма» дегенді ересек адаммен ғана шектемей, оны қайсыбір бірыңғай типтен қарастыру керек. Бұл ұғымды барлық басқа жасқа да қолдану қажет.
Бірінші сүйектену нүктесінің пайда болуынан бастап синостозданудың аяғына дейінгі бүкіл сүйектену процесі қантамырлардың қатысуымен жүреді, олар шеміршекке өтіп, оның бұзылып, сүйек тканімен алмасуына жәрдемдеседі. Соның өзінде сүйек пластинкалары тиісті қантамыр үшін орталық каналы бар остеондар түзе отырып, қантамырларының айналасына белгілі бір ретпен орналасады. Демек, сүйек қантамырлардың айналасында пайда болады. Артериялар меп веналардың жүретін жолы мен маңайында сүйектерде тамыр өзектері мен жүлгелердің түзілуі осымен түсіндіріледі.М. Г. Привестің зерттеулері көрсеткендегі, сүйектің жас келуіне карай өзгеруінің қан арнасының тиісті өзгсрістеріне байланысты бірнеше кезеңдер болады.
Қорытынды Сүйектің дамуы қанайналыс жүйесіне де тығыз байланысты. Туғаннан кейін сүйектену мен оның өсуі де қанмен қамтамасыз етілуге тығыз байланысты. Сүйектердің пішіні мен жан-күйіне ішкі мүшелер де әсер етеді, олар үшін сүйектер орын, шұңқыр, ойық және т. б. түзеді Қаңқа мен мүшелердің түзілуі эмбрионнан басталады: олар даму барысында бір-біріне әсер етеді де, мүшелер мен олар жайғасатын орындар бір-біріне сәйкестенеді, мысалы, көкірек клеткасы мен өкпе, жамбас иен оның ішіне жайғасқан мүшгелер, бассүйек пен ми және т. б. Бүкіл қаңқаның дамуын осы тұрғыдан қарастыру керек. .
Пайдаланылған әдебиеттер. АТЛАС: Адам анатомиясы 1 том. “Фолиант” баспасы. Астана 2005 жыл 5 – 124 бет.
А.Рақышев “Адам анатомиясы” 1-кітап 1994 ж. 50 – 135 бет.
“Адам денесі” Т.Смит редакциясы. Алматыкітап 2006 ж. 211-212 бет.