Тақырыбы: Қаңқа сүйектерінің жас ерекшеліңктерін оқу


Бас сүйектерінің еңбектері



бет3/5
Дата08.12.2022
өлшемі54,68 Kb.
#55786
1   2   3   4   5
Байланысты:
срс1

Бас сүйектерінің еңбектері.
Жаңа туған пәрестенің бассүйегінде ми сауыты сүйектеріне қарағанда бет сүйектері біршама кішілеу келеді. Жаңа туған нәрестенің бассүйегінің басқа ерекшелігі — енбектері, fonticuli, болып табылады.
Жаңа туған нәрестенің бассүйегінде әлі аяқталмаған сүйектенудің барлық үш сатысының іздері байқалады. Еңбектері, бірінші жарғақты, сатының қалдықтары болып табылады; олар сүйектенбеген дәнекер тканьнің қалдықтары сақталған, жіктердің қиылысқан жерінде орналасады. Олардың болуының үлкен функциональдық маңызы бар, себебі бассүйек төбесі сүйектеріне едәуір ығысып жылжуға мүмкіндік береді де, соның арқасында бассүйек толғақ кезінде туу жолының пішіні мен шамасына бейімделе алады.
Еңбектердің мына түрлерін айырады:
1) алдыңғы еңбек, fonticulis anterior, ромба пішінді, орта сызық бойымен төрт жіктің: сагиттальды, маңдай және төбе жіктің екі жартысының қиылысқан жерінде жатады. 2 жаста өсіп-бітеді
2) артқы еңбек, fonticuli pasterіог, үшбұрыш пішінді, сагиттальды жіктің артқы ұшында алдьшдағы екі төбе суиеп мен қара-құстың қабыршағы арасында жатады; туғаннан кейін 2 айда өсіп-бітіп кетеді;
3) бүйір енбeктeрі, жұп, әр жағынан екеуден, сонымен ,бірге алдыңғысы сына тәрізді, fonticuli sphenoidalis, ал арткысы — емізік тәрізді, fonticulus mastaideus, деп аталады. Сына тәрізді еңбек төбе сүйек, маңдай сүйегі аngulus sphenoidalis сына тәрізді сүйектің үлкен қанаты және самай сүйегінің қабыршағының түйісетін жерінде орналасқан; туғаннан кейін 2—3 айлығында бітіп кетеді. Емізік тәрізді еңбек төбе сүйегінің, аngulus mostoideus, самай сүйегі пирамидасының табаны және қарақұстың қабыршағы арасында орналаскан. Сына тәрізді және емізік тәрізді еңбектер көбіне шала туған (күні жетпей) балаларда кездеседі, соның өзінде кейде жетіп туған балаларда қарақұс (шүйде) енбегі де болмайды. Жаңа туған нәрестелерде жіктердің болмауы, диплоэнің нашар дамуы, бассүйектің сыртқы бетінде ғана емес, ішкі бетінде де бедерінің көмескілігі байқалады.
Бассүйектің екінші шеміршектік даму сатысының қалдықтары оның табан (негізі) сүйектерінің жекелеген әлі де қосылып кетпеген бөліктері арасындағы шеміршекті қабатшалар болып табылады, сондықтан олар жаңа туған нәрестелерде ересектерге қарағанда біршама көптеу. Бассүйектерде ауалы қуыстар әлі дамымаған. Әлі жұмыс істей қоймаған бүлшықеттердің нашар дамығандығынан түрлі бұлшыкет төмпешіктері, қырқалары және сызықтары байқалады. Осы себептен, әрі шайнау қызметінің жоқтығынан жақсуйектер нашар дамыған: альвеолды өсінділер жоқ дерлік, төменгі жақсүйек бітісіп-өспеген екі жартыдан тұрады. Осының салдарынан бет ми сауытымен салыстырғанда онша алға қарай шығыңқы емес те, оның тек сегізден бір бөлігін ғана кұрайды, ал ересек адамда бұл қатынастар 1:4.
Есейген шакта қақпақ сүйектері арасындағы синдесмоздардын синостоздарға айналуынан бассүйек жіктерінің сүйектенуі байқалады. Қартайған кезде бассүйек сүйектері біршама жұқарып әрі жеңілдейді. Тістер түсіп, жақсүйектердің альвеолдық жиегінің семуі (атрофиясы) салдарынан бет қысқарып, темеигі жақсүйек алға қарай шығыңқырап, сонымен катар оның тармақтары мен денесі арасындағы бұрыш үлкейеді. Бассүйектің бұл айтылған жасқа байланысты өзгерістері рентгендік зерттеу кезінде жақсы ай-қындалады, бұның диагноз коюда үлкен маңызы бар. Мәселен, жаңа туғап нәрестенің бассүйегі рентгенограмма-сында мыналар айқын көрінеді: 1). бірқатар суйектер — маңдай, қарақұс, төменгі жақсүйегі — тұтастанып бірігіп-өспеген; 2) ауалы суйектерде пневматизация (ауаға толу) жоқ; 3) төбе сүйектері арасы, әсіресе еңбектері аймағында, кең келеді. Алдыңғы рентгенограммада маңдай сүйегін екіге бөлетін sutura frontalis орналасқан жерде ақшылдану, сондай-ақ төменгі жақсүйектің екі жартысының толық бітісіп-қосылмағандығының ізі көрінеді. Артқы рентгенограммада os imparietali мен карақұстың қабыршағының төменгі бөлігі, сондай-ақ оның латеральды бөліктері мен қабыршағы арасында аралықтар көрінеді. Бүйір суретте synchondrosis sрһеnооссіріtalis-ке сәйкес келетін ақшылдану байқалып тұрады. Рентгенограммаларда көрінетін одан кейінгі жасқа байланысты өзгерістер мыналар:
1. Сүйектердің жеке бөліктерінің бітісіп-қосылып тұтастануы байқалады, атап айтқанда: а) төменгі жақсүйектің екі жартысының бітісіп-қосылуы (1—2 жаста); ә) sutura frontalis орналасқан жерде маңдай сүйегінің екі жартысының бітісіп-қосылуы; б) қара-құстың барлық бөліктерінің бітісіп-қосылуы; в) synchondross sрһеnооссіріtalis тұрған жерде қарақұстың базилярлы бөлігінің сына тәрізді сүйекпен бітісіп-қосылып бірыңғай негізгі сүйекке (os basilaris) айналуы; осы синостоз басталуымен (18—20 жас) бас-сүйек табанының (негізгінің) ұзына бойына өсуі аяқталады.
2) Еңбектер жоғалыи, типтік тісті контурлары бар жіктер түзіледі (2—3 жаста).
3) Сүйектердің ауаға толуы (пневматизациялануы) пайда болып, дамиды. Рентгендік әдіс бассүйек сүйектеріиің дамып келе жатқан ауалы қуыстарын тірі адамда зерттеудің бірден-бір әдісі болып табылады: а) маңдай қуысы рентгенограммада бір жастың аяқ кезінде байқалады да, содан кейін біртіндеп үлкейеді. Бір жағдайда ол өте кішкентай да, arcus superciliaris медиальды кесіндісінің шегінен шықпайды; басқа бір жағдайларда бүкіл margo supraorbitalis-тің ұзына бойы таралады. Оның толығынан жоқ болуы да байқалады; ә) тор сүйектің ұяшықтары алғашқы жылдары-ақ байқалады; б) жоғарғы жақсүйек (гайморов) қуысы жақа туған баланың рентгенограммасында шамасы бұршақтай, созынқы пішінді, ақшыл жер түрінде көрінеді. Ол тістердің ауысуы кезеңінде толық дамиды және едәуір дәрежеде өзгергіш (варнабельды) келеді; в) сына тәрізді қуыс туралы жоғарыда айтылды.
4) Тістердің ауысуы және түсуі.
5) Есейген шақта басталатын жіктердің жоғалып, сүйектердің бір-бірімен бітісіп-қосылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет