Дене пропорциясының өзгеруі Дененің контурын көлденең сызықтармен сегіз жолаққа бөлінген торға салатын болсак, жас улкейген сайын дене пропорцияларының қаншалыкты өзгеретінін байкауға болады. Жаңа туылған нәрестенің басы үлкен болып, бойының төрттен бір бөлігін кұрайды. Бала өскен сайын бас пен тұлғаның өлшемдері салыстырмалы түрде азайып, кол мен аяқтың ұзаруы байкалады. Адам кеш жасөспірімдік шақта өзінің ең биік бойына жеткенде оның басы бойының сегізден бір бөлігін ғана құрайды.
Сүйектерді рентгенмен тексеру. Мацерацияланған сүйектерді қарағанда олардың тек сыртқы түрі жөнінде ғана тусінік беріледі; оның ішкі құрылысын зерттеу үшін аралап кесу керек. Рентгенмен қаңқаны зерттегенде тікелей тірі адамның табиғи анатомиялық қатынастарын бұзбай-ақ ішкі де, сыртқы да құрылыстарын анықтауға болады.
Рентгенограммаларда тығыз және кемік заттар айқын көрінеді. Біріншісі тығыз қабаттың жазықтығына сәйкес айқын қарама-қарсы (контрасты) көлеңке береді, ал кемік зат аймағында көлеңке тор тәрізді болады. Жілік сүйектердің эпифиздерінің тығыз заты мен негізінен кемік заттан құралған сүйектердің (білезік, тілерсек, омыртқа) тығыз заты кемік затты жиектей жатқан жұқа қабат торізді. Бұл жұқа буын ойыстарында буын бастарына қарағанда қалыңдау келеді.
Жілік сүйектердің диафиздерінде тығыз заттың қалыңдығы әр түрлі: орта тұсында қалыңдау, ұштарына қарай жіңішкереді. Соның, өзінде тығыз қабаттың екі көлеңкесі арасында сүйектің жалпы фоны көлеңкесінде біршама жарықталын-ған түрде жілікмай қуысы байқалады. Егер аталған қуыс бүкіл ұзына бойына байқалмаса, бұл патологиялық құбылыстың бар екенін көрсетеді. Диафиздердің тығыз затының рентгенологиялық құрылымы айқын да тегіс. Жалғама мен бұлшықеттердің бекитіи жерлерінде сүйектену контурлары тегіс емес.
Диафиздердің тығыз қабаты фонында қантамырлар каналдарына сәйкес келетін жұқа жарық жолақтар байқалады. Олар әдетте қиғаш орналасады: ұзын қол жіліктерінде шынтақ буынына жақындау және сол бағытта; ұзын аяқ жіліктерінде тізе буынынан әрі қарай жане алыстау; қолбасы мен аяқбасының қысқа түтікше сүйектерінде нағыз эпифизі жоқ ұшына қарай және жақындау орналасады. Кемік зат рентгенограммада арасында жарықтары бар сүйек шабақтарынан тұратын тұзақты тор тәрізді. Бұл тордың сипаты сығылу және созылу сызықтарына сәйкес осы бөліктегі сүйек пластинкаларының орналасуына байланысты.
Сүйек жүйесін рентгендік зерттеу шеміршек иемесе дәнекер ткань негізінде сүйектену нүктелері пайда болған кезде, құрсақта дамудың 2-айында мүмкін болады. Сүйектену нүктелерінің пайда болуы рсптгенограммаларда оңай анықталады, соның өзінде шеміршек тканьмен қоршалған бұл нүктелер жеке сүйек үзіктері сияқты көрінеді. Олар сүйектің сынуы, жарылуы немесе некрозы (жансыздануы) туралы қате диагноз қоюға себеп болуы мүмкіп. Осыған байланысты сүйектену нүктелерін, олардың пайда болу мерзімдері мен тәртібін білудің зор практикалық маңызы бар. Сондықтан сүйектену барлық тиісті жерлерде мәйіттерді анатомиялық зерттеу деректері емес, рентгенанатомия (тірі адамды зерттеу) негізінде баяндалады., Қосалқы сүйектену нүктелері сүйектің негізгі бөлігімен қосылмағанда олар өмір бойы жеке тұрақсыз немесе қосымша сүйектер түрінде сақталуы мүмкін. Оларды рентгенограммада байқау диапоздық қатеге себеп болуы мүмкін. Барлық негізгі сүйектену нүктелері қаңқа сүйектерінде пубераттық кезең деп аталатын жыныстық пісіпжетілудің басталуына дейін пайда болады. Пубераттық кезеңнің басталуымен эпифиздердің метафиздермен бітісіп өсуі, яғни сүйек эпифизін сүйек метафизімен қосатын синхондроздың синостозға айналуы бас-талады. Бұл рентгенде эпифизді метафизден бөлетін эпифиздік шеміршекке сәйкес келетін метаэпифизарлық аймақта жарықтың біртіндеп жоғалуынан білінеді. Синотоз толық болғанда бұрынғы синхондроздың орнын анықтау мүмкін болмайды.