Тақырыбы: Адъективтену және адвербиалдану құбылыстары Орындаған: Рахметқали Гүлдана



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі20,26 Kb.
#137313
1   2   3
Байланысты:
адъективтену, адвербиалдану

1. Адъективтену
Бірінші мақаласы «Адъективациялану ауқымы» деп аталады. Ғалым адъективтенудің бірнеше жолын атап, біріншісіне басқа сөз табы сөздерінің сын есімге түбір күйінде өтуін, «олардың бастапқы мағынадан алшақтап, таза сындық қалыпқа енетінін», қазіргі кей сын есімдердің бұрын зат есім болып қолданылғанын жазады, «жас, байтақ» сөздерін келтіреді. «Жас» сөзінің VI–VII ғасырда көне түркі жазба ескерткіштерінде заттық мағынада; «байтақ» сөзінің қазақ тілінде этникалық-территориялық бірліктің (хандық, ұлыс) атауы болғанын түсіндіреді. Бұдан соң зат есімнің сын есімге қазіргі тіл нормасында әрі зат есім, әрі сын есім болып қолданылатынын (қара, жарық) қалыпты жағдай дей келіп, А. Потебняның «Тілдің тарихында зат есім және белгінің атын ажырататын сын есім зат есімнен кейінірек және сол зат есімнің өзінен жасалды», – деген пікірін негізге алған. Сынданудың (адъективтену) 2-жолына есімше сөздердің ауысуын (қашаған, сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған), олардың кейіндеу болған үдеріс екенін айтады, бірақ ауысу жолын түсіндірмеген. Тек «сырт тұлғасы жағынан сын есімге жататынын; о баста есімше саналғанмен, мағына дамуы нәтижесінде сын есімге бүтіндей ауысқан» деп сипаттайды. Бұл арада пікір орынды айтылған, өйткені сөз түбір күйінде, лексикалық-семнатикалық тәсіл арқылы (мағыналық даму) адъективтену жасалған. Яғни, нөлдік тұлғалану арқылы лексикалық (ұғымдық ауысым) өзгеріс болып отыр.
Сынданудың 3-жолына морфологиялық тұтастықтан пайда болған (бұралқы, өлі, жағымпаз, айтқыш) тілдік бірліктер аталады. Зерттеуші «сөздердің түбірі мен сындық жұрнағы тұтасып, көнеленіп, морфологиялық жақтан тұтасып, сынданған; морфологиялық сіңісу нәтижесі» деп талдайды.
Бұл мақалада ғалым конверсияға тек лексикалық-семантикалық тәсіл тән деген қалыптасқан пікірді ескермеген. Негізінен қарағанда, бұралқы, өлі, жағымпаз, айтқыш сөздері синтетикалық-семантикалық тәсіл арқылы жасалған, бұларда көнелену үдерісі толық емес, негіз сөздердің мағыналары көнеленген жоқ, қазіргіге дейін ұғымдары сақталған. Бұралқы, өлі, жағымпаз, айтқыш сөздері қашаған, сүзеген, тебеген, қабаған, жатаған сөздері сияқты түбір тұлғалық, нөлдік өзгеріспен сын есімге ауысып тұрған жоқ, олар, сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есім болып табылады, сындық жұрнақтары бар: -қы, -і, -ымпаз, -қыш. Ал аталған есімше сөздер түбір күйінде мағыналық өзгеріске түсіп, сын есімге ауысқан.
Өйткені -ған/-ген – етістіктің түрлену жүйесіндегі жұрнақ, сөзжасамдық емес, есімшелі сөздер нөлдік тұлғаланумен адъективтеніп тұр, сындық жұрнақ жоқ. Конверсия заңдылығы да осында жатыр. Бірақ зерттеуші сөзжасамдық үш тәсілмен жасалған сөздер конверсия болып таныла алады деген астар береді. Бұл «Конверсия туралы» мақаласында анық байқалады.
Зерттеуші сындануға өзге сөз табының анықтауыш болуын да атап, «сын есімде жұмсалуы», «адъективация құбылысының аясында қарастырылуы» деп тұжырымдап, сындану үдерісін түсіндіре келіп, соңында: «Сөз таптарының ішінде адъективацияға бейім тұратыны – етістіктер, соның ішінде есімшелер» екенін айтып, сындануға күрделі сындық тіркестерді, олардың құрамдық түрлерін атап, «сындану сын есімнің басты жасалу жолы» деген ой түйгізеді.
«Адъективация және оның табиғаты» зерттеуінде адъективтену үдерісі нақты теориялық белгілермен қарастырылған. Адъективтенуге екі белгіні тану керектігі айтылады: 1) адъективтену тілдің морфологиялық құрылымында ғана болатын құбылыс екенін не тұрақты үдеріс екенін анықтау белгісі; 2) адъективтенудың сын есімдік сөзжасам жүйесіне қатысын анықтау белгісі.
Ғалым бұған жауап ретінде адъективтенуді лингвистикалық құбылыс ретінде де, сын есім тудырудың өнімді жолы ретінде де көрсету керек деп шешеді.
Зерттеуші «ақ, қара, көк, бай, кедей, жас, жарық, тең» сын есімдерінің атрибутивтік қызметке көшуін, бірде сын есім, бірде зат есім болуын синтаксистік қолданыс нәтижесі деп айғақтайды. Бұлардың осы өзгерісі түркологияда түрліше талқыланатындықтан, бірнеше зерттеуші пікірі салыстырылған: «Э. В. Севортян – «синкретизм қалдығы»; В. М. Жирмунский – «есім сөздердің грамматикалық жіктеліс көрінісі», Ф. А. Ганиев «адъективация үдерісінің нәтижесі»» – деген. Ж. Сарбалаев өзі: «...аталған сөздерді түркі тілдерінің көне дәуірінде болған дифференциялануының көрінісі деп санау жеткіліксіз. ...бұл сөздер адъективацияланған зат есімдер ретінде танылуы тиіс. ...бұлардың зат есім мәнінде қолданылуы, біздіңше, субстантивтену үдерісі арқылы жүзеге асады» – деп, екі ұшты көзқарас айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет