Жүргізуші: Ендігі кезекте оқушыларымыздың дайындаған слайдына назар аударайық! Жүргізуші: Сөйтіп, Ахмет Байтұрсынов, біріншіден, қазақ тілінің әліппесі мен оқулықтарының авторы, соңынан із салған жаңашыл ағартушы. Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы. Үшіншіден, қазақ тілі мен әдебиетін, мәдениетін зерттеуші тұңғыш филолог, тарихшы ғалым. Төртіншіден, ол қазақ халқына адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері.Міне, Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, ХХ ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ - демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік саясаттың құрбаны болған Ахмет Байтұрсыновты осылай танимыз.
5.Жанерке: Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан 1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсаты орындау үстінде ол қазақ тілін, оның дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап - танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде «Әліппе» мен түңғыш ана тілі оқулықтарын жазған автор
Келесі кезекте оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылығына тоқталады.Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақәдебиетітарихынарналғантүңғышзерттеужұмысы.
6.Диана:1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылық-ұстаздық жұмысынан да қол үзбеген.1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді. 1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогика институтының ашылуына байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты.