Суперантигеннің антигентаныстырушы жасушалармен және Т-лимфоциттермен байланысы.
Антигентаныстырушы жасуша
Таныстыру − антигендердің Т-лимфоцитермен таныстырылуы келесі процестердің нәтижесінде пайда болады: антигеннің антиген таныстырушы жасушалармен жұтылуы; оның ферменттер арқылы жасушаішінде ыдырауы; пайда болған антигенді пептидтердің МНС молекулаларымен байланысуы (МНС I, II класты өзіндік молекулаларының науашығына антигендік пептидтердің “толтырылуы”) олардың Т-лимфоциттермен байланысуы үшін жасуша бетіне шығуы. Антигенді В- және Т-лимфоциттердің рецепторлары таниды.
В-лимфоциттердің антигентанушы В-жасушалық рецепторы (BcR – ағылш. B-cell Receptor) мембраналық иммуноглобулиннің (mIg, бірдей екі ауыр H-тізбектен және бірдей екі жеңіл L-тізбектен тұратын) молекуласынан және екі CD79 (Igα,Igβ) молекуласынан құралған. Мембраналық иммуноглобулиндер мономерлік mIgM және mIgD көрсетілген. BcR-нің жасушаішілік сигналдарды жіберетін трансмембраналық және цитоплазмаішілік сегменттері бар.
Т-лимфоциттердің антигентанушы Т-жасушалық рецепторлары жасуша мембранасында CD3 молекуласымен байланысқан αβ және γδ −екі формасында болады. αβ және γδ димерлері де иммуноглобулиннің молекуласы сияқты V−және C-домендеріне ие. TcRантигені CD8 немесе CD4 корецепторларымен бірігіп, антиген-пептид+бірінші (I) немесе екінші (II) класты МНС кешенін анықтайды
Лимфоциттер үшін дендритті жасушалар, В лимфоциттер және макрофагтар кәсіби АТЖ болып табылады. Сонымен бірге АТЖ-ның рөлін эндотелий жасушалары, фибробластар, кератиноциттер және белсендірілген кезде МНС-ті және цитокиндерді экспрессиялау қабілеті бар кейбір басқа жасушалар да орындай алады.
Дендритті жасушалар − өсінділі, бұтақты жасушалар; антигентаныстырушы жасушалардың негізгі өкілдері. Олар аңқау Т-лимфоциттерді антигенмен алғаш кездесуі кезінде белсендіреді . Сүйек кемігінінен шыққан дендритті жасушалар сілемейлі қабықтарда және теріде орналасады