Электронның табылу мүмкіндігі жоғары кеңістік аймағы электрон бұлтының пішінін анықтайды. Шредингер теңдеуін шешкен кезде кванттық сандар деп аталатын параметрлер (n, l, ml) анықталады. Бұлар: n-бас квант саны, l-орбитальдық квант саны, ml-маганиттік квант саны. Электронның қозғалысы тағы бір квант санымен спиндік квант саны (ms)-сипатталатыны табылды. Қарапайым жағдайларда кванттық механикада толқындық функцияның орнына квант сандарын қолдану ыңғайлы.
Бас квант саны. Көп электрондық атомдарда белгілі бір электрон басқа электрондармен экрандалған ядро өрісінде орналасады. Электронға әсер етуші ядро заряды экрандалатынын ескерсек, берілген ядро заряды орбитальдың эффективті ядро заряды деп аталады.
Бас квант саны атомдағы электрон энергиясын сипаттайды және келесі мәндерге ие болады:
n =1,2,3,…. ,∞.
n=1 жағдайында электрон энергиясы ең аз мәнге ие болады; n артқан сайын энергия мәні де артады. Сондықтан бас квант санының белгілі мәнімен сипатталатын электрон жағдайы атомдағы электронның энергетикалық деңгейі деп аталады: n=1 болғанда электрон бірінші энергетикалық деңгейде, ал n=2 - екіншісінде т.б.
Бас квант саны электрон бұлтының өлшемін анықтайды. n мәні артқан сайын, электронның ядродан алыстау мүмкіндігі жоғары, яғни n атомдағы электронның орташа радиусын білдіреді.
Атомда n мәндері бірдей бірнеше электрондар болса, онда оларда электрондық қабықша, энергетикалық деңгей немесе кванттық қабат ортақ деп алынады:
│n=const: электрондық қабықша, энергетикалық деңгей, кванттық │қабат. Олар үшін n мәндеріне сәйкес, келесі әріп түрінде белгіленулер енгізілді:
Бас квант саны n 1 2 3 4 5 6 7
Электрондық қабықшаның
белгіленуі. K L M N O P Q
Орбитальдық квант саны. Орбитальдық квант саны толқындық функцияның бұрыштық тәуелділігін, яғни электрондық бұлт пішінін анықтайды. Оның мәндері бас квант сандары мәнімен тығыз байланысты:
l = 0 , 1 , 2 , 3 … (n-1).
Электрон бұлтының пішіні кез келген түрде болмайды. Ол орбитаьдық квант санының (немесе қосымша, азимуттық) дискреттік мәндерімен сипатталады. n әртүрлі мәндеріне l бір немесе бірнеше мәнге сәйкес келеді. Мысалы, n=1 болғанда l=0; ал n=2 болса, онда l=0 немесе l=1; ал n=3 болса, l=0, l=1, l=2 мәндері сәйкес келеді. Көпэлектрондық атомдарда электрон энергиясы тек бас квант санынан ғана емес, орбитальдық квант саны мәніне тәуелді болады. Сондықтан әртүрлі l мәндерімен сипатталатын электрон жағдайы энергетикалық деңгейше деп аталады. Бұл деңгейшелер келесі әріптермен белгіленеді:
Орбитальдық квант саны l 0 1 2 3 4 5 …
әріптермен белгіленуі s p d f g h …
Бас квант санының n белгілі мәнінде ең аз энергия s электрондарда, одан кейін энергия артады: р-, d-, f- электрондар.
Атомдағы электронның n және l белгілі мәндеріне сәйкес күйі келесідей белгіленеді: алдымен бас квант саны мәні цифрмен беріледі, ал содан кейін әріппен орбитальдық квант саны. Мысалы 2p белгіленуі n=2 және l=1 электронға сәйкес келеді; 3d n=3 және l=2 электронға т.б.