Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Егер бірнеше электрондардың бас және орбитальдық квант сандарының мәндері бірдей болса, онда олар бір электрондық қабықшада, энергетикалық деңгейшеде, кванттық қабатта деп айтылады



бет29/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65

Егер бірнеше электрондардың бас және орбитальдық квант сандарының мәндері бірдей болса, онда олар бір электрондық қабықшада, энергетикалық деңгейшеде, кванттық қабатта деп айтылады:

(n;l)=const - электрондық қабықша, энергетикалық деңгейше, │кванттық қабат.

n және l мәндеріне сәйкес электрондық қабықшалардың келесі типтері болуы мүмкін:

1s, 2s, 2p, 3s, 3p, 3d, 4s, 4p, 4d, 4f, 5s, 5p, 5d, 5f, 5d, 6s, 6p, 6d …

Магниттік квант саны.

Электрондық бұлттың кеңістіктегі ориентациясы кездейсоқ бола алмайды, ол үшінші квант саны ml магнит квант санымен анықталады. Магнит квант санының мәніне сәйкес, ориентациялар саны да әртүрлі болады:

ml=-l, …, -2, -1, 0, +1, +2, …, + l.


Нақты орбитальдық квант санына сәйкес мұндай мәндер 2l+1. Ендеше электрондық бұлттардың ориентация саны да 2l+1. Мысалы, s-электрон үшін (l=0) ml мәні біреу (ml=0); p-электрондары үшін (l=1) ml мәні үшеу (-1, 0, +1); d-электрондарында (l=2) ml мәні бесеу (-2, -1, 0, +1, +2); f-электрондарында ml мәні жетеу (-3,-2,-1, 0, +1, +2, +3). Электрон қозғалысы кезінде пайда болған магниттік өрісі сыртқы магниттік өріспен әрекеттесуі магниттік квант саны ml мәніне әсер етеді. Сыртқы магниттік өріс жоқ болса , онда атомдағы электрон энергиясы ml мәнінен тәуелді емес. n және l мәндері бірдей бірақ ml мәні әртүрлі электрондардың энергиялары бұл жағдайда бірдей болады. Алайда электронға сыртқы магниттік өріс әсер еткен жағдайда атомдағы электрон энергиясы өзгереді де , me мәндері әртүрлі күйлердің энергиялары да әртүрлі мәнге ие болады Осыдан келіп, магниттік өрісте кейбір атомдардың спектрлік сызықтары ыдырап кетеді : атом спектріндегі бір сызықтың орнына бірнеше сызық пайда болады ( Зееман эффектісі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет