Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау



бет9/10
Дата29.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#88392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ҚазҰУ Жерге орналастыру 3 курс Жалын тобы

6. Ауылшаруашылығын тұрақты дамыту
Қазіргі сәтте ауылшаруашылығын дамыту үшін адам ресурсы жеткілікті. Қазақстандағы жерлердің жалпы аумағы 272,5 млн гектар, оның 215 млн гектaры – ауылшаруашылық алқаптары. Бұл әлемдік ресурстардың 4% пайызын құрайды. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі шамамен 4 есеге өсті. Бүгінде (2021 жыл) агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімі 4,5 трлн теңгеге жетті немесе елдің ЖІӨ-дегі үлесі 7,8% пайызды құрайды.
Ауыл шаруашылық өнімінің көлемін жоғарылату мақсатында «суармалы жерлердің көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайту» жоспарланды. Суармалы жерлерді тиімді пайдалану шөлейттеніп бара жатқан Қазақстан үшін өте өзекті мәселе. Республикадағы негізгі су артериялары болып саналатын Ертіс пен Іле өзендері көрші жатқан алпауыт Қытай елінен бастау алса, оңтүстігіміздегі Сырдария, Шу, Талас өзендері Қырғыз және Өзбек еліне тәуелді, ал Батыс өңіріндегі Ақжайығымыз Ресейге байланысты болып отыр. Себебі еліміздегі су қорының 40 пайыздан астамы шекаралас елдердің аумағында қалыптасып, су артериялары арқылы ағып келе­тін­діктен, ғаламдық климаттың өзгеруі мен шаруашылық іс-әрекеттің қарқынды даму барысында су иелері өз тараптарынан жіберетін су көлемін азайтпасына сенім жоқ.
Республика әлемдегі ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіреді. Жалпы Қазақстандық астық экспортының географиясы 70 елді қамтиды, ал ұн экспорты бойынша – әлемдегі жетекші орын­дарға ие. Биыл жиналған астықтың жалпы көлемі 19 млн тонна болған. Ауыл шаруашылығы салаларын әртараптандыру бағдарламасы аясында соңғы жылдары астық дақылдарының егістік алқаптары қысқарып, майлы, мал азығы дақылдардың, көкөністердің және қант қызылшасы алқаптарының көлемі артуда. Атап айтқанда егістік алқаптары мына көлемде: майлы дақылдар – 3,0 млн гектар, мал-азықтық дақылдар – 4,5 млн гектар, қант қызылшасы – 16 есеге, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 420 мың гектар, жеміс-жидектің алқаптары 45 мың гектарға өсті. Соңғы 5 жылда мал азықтық дақылдардың егістік көлемінің артуы ет өндірісін 20,5 пайыз, сүт өндірісін 13,7 пайызға арттыруға мүмкіндік берді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекеттік реттеу алдына келесідей міндеттерді қояды:

  • жерлердін бұзылуына, деградацияға ұшырауына және шаруашылық қызметтің басқа да жағымсыз салдарының орын алуына тосқауыл болу, экологиялық қауіпсіз өндіріс технологияларын пайдалана отырып, мелиоративті және басқа да іс- шараларды ұйымдастыру;

  • бұзылуға жане деградацияға ұшыраған жерлердің жақсаруын және қалпына келуін қамтамасыз ету;

  • жерді дұрыс пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге ендіру;

  • мемлекеттік органдардың, жеке, занды тұлғалардын жане лауазымды адамдардың Казакстан Республикасы Жер зандарының сақталуын, Казакстан Республикасы зандарының бұзылуын анықтау және жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қоргау жөніндегі іс-шаралардын орындалуын қамтамасыз ету;

  • қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеу, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану кұкығына құжаттар жасауды ұйымдастыру;

  • жерді түгендеу ісін жүргізу, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді аныктау;

  • ауыл шаруашылық жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің жүйесін қалыптастырады:

  • ауыл шаруашылығы жері саласында орын алып жатқан езгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен онын зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру және де көптеген басқа да салалық міндеттерді өз алдына міндет ретінде кояды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет