Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау


Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалануда агроөнеркәсіптік кешендердің рөлі



бет8/10
Дата29.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#88392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
5. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді пайдалануда агроөнеркәсіптік кешендердің рөлі
Қазіргі таңда Қазақстанда 2022 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Статистикалық мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының жер аумағы 272490,2 мың гектарды құрайды. Осылардың ішінде ауыл шаруашылық жерлері 213 702,6 мың гектарды кұрайды. Соңғысының ішіне сәйкесінше ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер де кіреді, оның жалпы көлемі 113 096,9 мың гектар. Ал жер аумағының қалған бөлігін ауыл шаруашылық өндірісінің мақсатында пайдаланылатын жердің басқа да санаттары құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу азық-түлік қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің бәсекелестік артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Агроөнеркәсіптік кешен дегеніміз - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, кайта өндеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, акпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, Ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы.
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:
1) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді дамыту. Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдык аумақтар саласында кредит беруді дамытуды мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджеттік кредит беру не мамандандырылған ұйымдардың жарғылық капиталын калыптастыруға немесе ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
2) агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп суб- сидия беру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарынЫҢ және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге кажетті басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
6) ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін және нарығын басқару жүйесін дамыту;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
8) жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және көшеттік материалын өсіру;
9) агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялаудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
10) Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізу;
Мемлекет ауыл шаруашылығы өнімі нарығын тұрақтандыру мақсатында сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырады. Баға интервенциясы дегеніміз ауыл шаруашылығы өнімінің нарықтық бағасы, инфляция деңгейі ескеріле отырып орташа мерзімдік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарында белгіленген, өткен күнтізбелік жылда калыптасқан орташа жылдық нарықтық баға деңгейінен артып кеткен жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің осы өнімді мемлекеттік ресурстардан тіркелген бағалар бойынша ішкі нарықта өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Ал сатып алу операциялары дегеніміз мемлекеттің ішкі нарықты тұрақтандыру және экспорттық өнім беруді қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімін ішкі нарықта тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар. Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асырудың тәртібі мен көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізбесін, сондай-ақ оларға төленетін сыйақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Егін жинау кезегінде өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша баға интервенцияларын жузеге асыруга жол берілмейді.
Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу:
• машина-трактор паркін және технологиялық құрал-жабдықтарды жанартуды ұйымдастыру;
• машина-технологиялық станциялар (сервистік орталықтар) желісін дамыту және олардың кызметінің мониторингін жүзеге асыру:
• ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық және шетелдік өндірісі өнімдерін сынақтан және міндетті сертификаттаудан өткізу;
• мемлекеттік техникалық инспекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады
Агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету:
• агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
• агроөнеркәсіптік кешенді агрометеорологиялық және ғарыштық мониторинг деректерімен қамтамасыз ету;
• кемінде он жылда бір рет ауыл шаруашылығы санағын жүргізу;
• ақпараттық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және мамандандырылған жинақтарды, журналдарды, тақырыптық басылымдарды басып шығару;
• қазіргі заманғы ақпараттық технология мен электрондық сауда-саттықты кұруға және дамытуға жәрдемдесу;
• көрме-жәрмеңкелер ұйымдастыру және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өніміне жарнамалық қолдау көрсету;
• оқытып-үйрету семинарларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет