Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау



бет6/10
Дата29.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#88392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Шабындықтар
2022 жылғы жер балансының деректері бойынша республикадағы шабындықтар 5 104,3 мың га аумақты алып жатыр, оның ішінде жақсартылған – 41,1 мың га және жайылмалы суару-639,6 мың га. 2022 жылға қатысты болған өзгерістер елеулі және басқа жерлерге игеру және олардың алаңдарын нақтылау есебінен болды.
Өзендер мен көлдер суын көп мөлшерде пайдалану Қазақстанның көптеген жайылмалы жерлерінің су режимін өзгертіп, олардың шөлейттенуіне ықпалын тигізді. Сырдария мен Шу өзендерінің жағаларындағы жайылма жерлерде қамысты батпақ пен шабындықтардың үлкен бөлігі жойылып бара жатыр. Орал өзенінің аңғары күрт шөлейттеніп кетті. Оның ортаңғы және төменгі ағыстарында шабындықтар жойылып кетті десе де болады. Ертіс өзенінің алқабында да шабындықтардың далалануы байқалады, олардың өнімділігі күрт төмендеп кеткен. Шабындықтардың жалпы көлемінің 1%-дан азы ғана жақсартылған, оның өзінде де оларда 15-20 жыл бұрынғы көп жылдық шөптер басым. Жер санаттары бөлінісінде шабындықтар мынадай құрамда болады: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 2 341,2 мың га (45,9 %), қордағы жерлер – 1 933,0 мың. га (37,9 %), орман қоры және жердің басқа да санаттары – 610,4 мың га (11,9 %).


Жайылымдар
Қазақстан Республикасындағы жайылымдық жерлер алқаптардың басым түрі болып табылады және 183.4 млн. га (ауыл шаруашылығы алқаптарының құрамында 43.8%) алып жатыр, оның ішінде жақсартылған жерлер – 5,7 млн. га және суландырылған жерлер – 102,7 млн. га. жайылымдар жер санаттары бөлінісінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 82,4 млн. га, елді мекендер – 21,2 млн. га, өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаты – 0,7 млн.га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 3,4 млн. га, орман қоры – 6,5 млн. га, су қоры - 0,1 млн. га, қор – 63,9 млн. га. басқа мемлекеттердің жер пайдаланушылары пайдаланатын аумақтарда – 5,2 млн. га жайылымдық жерлер бар. Соңғы жылдары жайылымдық жерлер алаңы азаяды.2022 жылы олар 588,7 мың гектарға қысқарды. Бұл жайылымдардың бір бөлігі ауыл шаруашылығына арналмаған объектілердің құрылысына бөлініп, ал бір бөлігі басқа жерлерге, соның ішінде егістік жерлерге игерілуіне байланысты.
Қазақтандагы табиғи шабындықтар мен жайылымдардан соңғы жылдары алынған өнімін талдау олардагы түсімнің төмендігін байқатты. Шөлейт және шөл аймақтарда да мал азықтық жерлерді шектен тыс және жүйесіз пайдаланудың салдарынан шабындықтар мен жайылымдар тозып, көп жерлер эрозияға ұшыраған. Әсіресе ауыл маңайларының шебі мал туягынан тозып топырағы шанданып кеткені байқалады. Ғылыми мәліметтер бойынша Республика бойынша тозып кеткен жайылымдар көлемі 40 млн. гектардай, онын 2 млн. гектардайы ете тозып, эрозияға ұшыраған жерлер деп танылды.

2018-2022 ж.ж. шабындықтар көлемінің динамикасы


мың,га

Алқап атауы

2018ж.

2019ж.



2020ж.

2021ж.

2022ж.

Өзгерістер

2022ж. 2018ж қарағанда

2022 ж. 2021жылға қарағанда

Шабындықтар

5 134,8

5 132,6

5174,4

5104,6

5104,3

-30,5

-0,3




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет