Тақырыбы: Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуын салыстырмалы талдау


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды бақылау



бет7/10
Дата29.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#88392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды бақылау
Қазақстан Республикасында жерге бақылау жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидалары 2003 жылдың 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 159-бабында жер мониторингі туралы, ал 161-бабының 3-ші тармағына сәйкес жер мониторингін жүргізу туралы заң әзірленді және Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жер мониторингін жүргізу ең алдымен бірқатар мәселелерді шешу үшін қажет. Ол мәселелерге жердің тозуынан бөлек антропогендік яғни адам әсерінен болған өзгерістерді бақылап, бағалау және жердің жай-күйін қолайсыз салдардан уақытылы ескерту мақсатында арнайы бақылауды ұйымдастыру мәселесі керек.
Ауылшаруашылығы пайдалану жерлерінің және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі технологияларын дамыту
• Топырақтағы көктемгі ылғал қорын бағалау
• Жаздық егістік алаңын анықтау, егін салу мен жинау мерзімдерін бақылау
• Астық егістіктерінің күйі мен арам шөптерінің мониторингі
• Астықтың жалпы өнімін бір ай бұрын болжау
• Аурулармен және зиянкестермен залалданған егістіктер мониторингі
• Ауылшаруашылғы бағытындағы жерлерді өнімділігі бойынша бөлу


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану:
1) жерлердің құнарлылығын ұстап тұруды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгілі бір деңгейі);
2) танаптар/жайылымдар тарихының кітабын қалыптастыруды;
3) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін ұстап тұруды және арттыруды;
4) жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып ауыспалы егістерді сақтауды/жайылымдарды пайдалануды;
5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;
6) мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде жайылымға түсетін оңтайлы жүктемені қамтамасыз етуді;
7) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерлерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстауына жол бермеуді;
8) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.
Ғарыштық жер мониторинг агроөнеркәсіптік салада: танаптардың нақты шекараларын анықтау үшін, ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу үшін, өсімдіктерді егу және жерді мелиорациялау бойынша жұмыстарды сүйемелдеу үшін қолданылады. Ғарыштық мониторинг арқылы алынатын өнімнің артықшылықтары :
1. Дәл және егжей-тегжейлі суреттер алу мүмкіндігі;
2. Орман алқаптарымен тығыз жабылған аумақтарды түсіру мүмкіндігі;
3. Ақпараттарды мерзімді жаңарту мүмкіндігі ;
4. Дала жұмыстарын жоспарлау мүмкіндігі;
5. Өткізілген аграрлық жұмыстардың сапасын бағалау мүмкіндігі.
Ғарыштықтық жер мониторингін жүргізу заманауи тәсіл болып табылады. Сондай-ақ, бұл тәсіл проблемалық аймақтарды, өрістің ластануын автоматты түрде көруге мүмкіндік береді. Үкімет бос жатқан жерлерді анықтау үшін ғарыштық түсірілімдерді пайдалану мүмкіндігін қарастырады. Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторинг арқылы анықтауды көздейтін заң 2019 жылы қабылданған. 2021 жылы ғарыштық мониторингпен еліміздің барлық аумағы қамтылып, 40,2 млн га жайылымдық жердің пайдаланылмайтыны анықталды.
Қазіргі таңда пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, қолданысқа енгізу үшін мәжбүрлеп алып қоюдың келесідей шараларын қолданады:
- жер инспекторы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланудың ғарыштық мониторингі арқылы алқаптарды араламай-ақ, кәсіби бақылау жүргізеді. Егер осы кезеңде анықталса, ол жер иесіне тиісті хабарлама жібереді. Осы орайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды;
- егер олқылықты жою жөніндегі нұсқаулар орындалмаса, сол жерге барып, кәсіби бақылау жүргізіледі. Бұл кезеңде жер инспекторы кемшілікті 1 жыл мерзімде жою туралы нұсқама береді. Жер иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады;
- бұдан әрі, егер жағдай өзгермесе, тексеру материалдары пайдаланылмайтын жер учаскелері бойынша 20 еселенген салық салуды есептеу үшін мемлекеттік кіріс органдарына жіберіледі;
- шешуші тексеріс жүргізіледі. Егер олқылық жойылмаса, жерді алып қою туралы сот органдарына талап арыз жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет