3. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру
Соғыс-шаруашылық жоспарына сәйкес республика экономикасын соғыс
жағдайына көшіру жүзеге асырылды.Жаңа кәсіпкерлердің, Қарағанды
шахталарының, Жезді, Шығыс Қоңырат, Мырғалымсай, найзатас
кеніштерінің, бірқатар байыту фабрикаларының, Ақтөбе ферроқорытпа
заводының, Текелі және Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының
құрылысы жедел қарқынмен жүргізілді.
Майданға жақын өнірлерден өнеркәсіп орындарын елдің шығыс
аудандарында, оның ішінде 220 завод пен фабриканы, цехтар мен
артельдерді Қазақстанға дакөшіріп орналастыру қайта құрудың құрамдас
бөлігіне айналды .соғыс барысында республикамызда 20 заод, фабрика,
шеберхана, конструкторлық бюро көшірілді.
Бірқатар кәсіпорындардың жабдықтару салынып жатқан өнеркәсіп
кешендерін аяқтау үшін пайдаланылады. Мәселен, Ақтөбе ферроқорытпа
заводының жаңа құрылысы Запорожье ферроқорытпа заводының
жабдықтарын алды, Алматыдағы автомобиль жөндеу заводының аяқталмаған
құрылысы Луганск ауыр машина жасау заводының цехтары үшін база болды,
республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары
Украинаның 14 қант заводының жабдықтарың алды.
Көшірілген кәсіпорындар негізінде Қазақстанда станок жасау, оқ-дәрі өндіру
салалары және басқалары пайда болды.
Өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет :1941 жылдың аяғы мен 1942
жылдың басында және 1942 жылдың күзінде жүргізілді.1941 жылы қысқа
қарай Қазақстанға майданға жақын өнірлерден –УКСР ден, БКСР ден
Ленинград пен Москвадан кәсіпорындар көшіріліп орналастырылды.Ол кезде
республикада УКСР ден, Москвадан, Ростовтан, Таганрогтан көшіріліп
әкелінген кәсіпорындар мейлінше көп болды.
11
4. Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарына мыңдаған
қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда
фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.
Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар үшырады.
Батыс шекараны күзеткен 485 шекара заставасы оның тегеуірініне төтеп
берді. Буг өзеніндегі Брест қамалын қорғаушылар теңдесі жоқ ерлік, қайтпас
қайсарлық, жеңіске деген асқан зор ерік-жігер көрсетті, олардың арасында
КСРО-ның 30-дан астам ұлттары мен ұлыстарының өкілдері болды.
Тирасполь мұнарасы маңында лейтенант Алексей Наганов взводының
жауынгерлері қаһармандықпен шайқасты. Қамалды қорғаушы
қазақстандықтар В.Фурсов, Қ.Тұрдыев, 204-ші гаубица артиллериялық
полкінің комсомол ұйымдастырушысы Ш.Шолтыров және басқа көптеген
адамдар қаһармандық пен батылдық көрсетті.
Қазақстанда сонау азамат соғысы жылдарында құрылған 219-шы
атқыштар полкінің солдаттары, сержанттары мен офицерлері 1941 жылғы 24
маусымда Литваның Шауляй қаласының оңтүстігінде алғаш рет ұрысқа
кірісті. Олар Литваның, Латвия мен Эстонияның жерлерінде, Ораниебаум
алға шебінде жау шабуылына табандылықпен тойтарыс берді.
Бородино селосында неміс болімнің штабында басып кіріп, 5 неміс
офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде
мәнгі сақталды.Оған қаза тапқаннаң кейін Кенес Одағының батыры атағы
берілді.
Москва үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының
аты аңызға айналған қаһарманы, Кенес Одағының Батыры, белгілі жазушы
Б.Момышұлы былай деп жазды : «Біз –кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз
темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп,күйдіріп
жібере алады ...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол –Отанға
деген сүйіспеншілікң.
12
|