Тақырыбы: Қазақстан ұлы отан соғысы және халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата15.12.2023
өлшемі105,96 Kb.
#138581
1   2   3   4   5   6
Қорытынды
Қазақстандық Кеңес Одағы батырлары тобына да көп қалам
таратылған жоқ. сол кезде әскери бөлімдерде іс қағаздарының дұрыс
жүргізілмеуінен Ленин ординімен "Алтын жұлдыз" медальіне ұсынылғандар
бірден анықталынбады. Соғыс аяқталысымен 369 адам 1968 жылы -447, ал
қазір 518 Кеңес Одағының батыры тізімінде. Награданың алғашқы иесі
Повладар облысы Успенко селосының тұрғыны, генерал-майор
К.А.Семенченко Киев бағытындағы шайқастарға қатысқан. Награданың
соңғы иесі-1990 ж. 11-желтоқсанда аға леитенант Бауыржан Момышұлына
қайтыс болғаннан кейін берілді. 
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық
емес мәліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық құрамалары мен
отрядтарында 1500, Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері
соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65
партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар
болған.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көптеген ерліктері үшін мыңдаған
қазақстандықтар Кеңес Одағының медалдарымен нагрдталды, 500-ге жуық
қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ.
Солардың қатарында Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары
Ә.Молдағұлова мен М.Мәметова болды. Кеңес Одағының батыры атағы
қазақстандық ұшқыштар Т.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов,
С.Д.Луганскийге екі реттен берілді. 
Қазақстандықтар соғыстың Қиыр шығыстағы соңғы ошағын жоюға да
белсене қатысты. 9-тамызда 52 шекаралық отрядтың капитан Г.А.Голубаев
бастаған тобы, қысқы шайқаста Аргуни өзенінің жағасында 20 жапон
солдатын жойып, атқыштар бөлімшелеріне жол ашты. Н.Д.Құрманов
Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғаныс шебін талқандауды қамтамассыз
етті.
16


Жапонияның тізе бүгуі мен Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы және
екінші дүние жүзілік соғыс аяқталды. Адамзат фашистік милитаристік
диктатураның дүние жүзіне үстемдік қаупінен сақталып қалды.
КСРО ең көп шығынға ұшырады – 27 млн. аса адам мерт болды.
Шамамен олардың 410 мыңы қазақстандықтар. Соғыстың тарихынан
сабақтар мен қорытындылар ешқашан ұмытылмауға тиіс және Қазақстан
өнеркәсібінің соғыс жылдарындағы жеңіске қосқан үлесі Кеңес халқының
ауыр күндердегі үлкен сүйеніш, тірегі болғанын Қазақ халқы орынды мақтан
етеді.
17


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1) «Қазақстан тарихы» Алматы 1993. Авторлары:Қозыбаев М.Қ., Қозыбаев 
І.М.
2) «Ұлы Отан соғысы» Москва 1985
3) Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін(очерк)Алаты 1994
4) Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. 
А., 1992
5) Мусин Ч.Г. Қазақстан тарихы. Алматы, 2000.
6) Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгiнге дейiн. 5 томдық. Алматы, 1998
18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет