Тақырыбы: Қазақстан ұлы отан соғысы және халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында мазмұНЫ


 Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына аттануы және



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.12.2023
өлшемі105,96 Kb.
#138581
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-37061

1. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы майдандарына аттануы және
олардың жанқиярлық ерліктері
1941ж. 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына
басып кірді. Бұл Кеңес Одағы үшін бұрын -соңды бастан кешкен барлық
соғыстардың ең ауыры болды. Мұның өзі елді біртұтас жауынгерлік лагерьге
айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш- жігерін майдан
мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды керек етті. Қазақстан
еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, азаттық соғысына бір
кісідей жұмыла көтерілді. Осы тұста өткен жиындарда олар отан алдындағы
парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз
еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери
комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар
аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңт Қазақстан,
Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-шы атқыштар дивизиясы
жасақталды. Оның командирі азамат соғысына қатысушы И.В.Панфилов
болды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238,310,314,387 және 391
атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір
дивизия, үш бригада жасақталды. Не бары республикада жиырмадан астам
атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілердің
полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды.
Республика адам күштерімен тек Қазақстандық құрамалар мен бөлімшелерді
толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарында
барлығы 1.8 млн шамасында Қазақстандықтар болды.
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған
қазақстандықтар болды. Олардың арасында 
Ш.Шолтыров, К.Иманқұлов, Е.А.Качан т.б.жау мен жан аямай
шайқасып ерліктің үлгісін көрсетті. 
5


Жау тылында қалған көптеген жауынгерлер партизан қозғалысына
қатысты. Олардың арасында Жұмағали Сайн, Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов
сияқты басқа да жерлестеріміз аз болған жоқ.
Әсіресе Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтардың даңқы
шықты. Республикада жасақталған 316 атқыштар дивизиясына астанаға
апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі- Волоколамск тас жолын қорғау
тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073 ұлаедық
атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге
ерлікпен тойтарыс берді. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизияның жауынгерлері
жаудың бір танк және екі жаяу әскер дивизиясын талқандады.
Дубосекова разьезі түбінде 28-гвардияшы-понориловшылар жаудың
50 танксінің шабулына қарсы тұрды. Саяси жетекші 
В.Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп "Ресей кең
байтақ, бірақ щегінерге жер жоқ, артымызда Мәскеу! " деген сөздері бүкіл
майданға тарап кетті. 28 жаунгер-орыстар, қазақтар, украйндар, қырғыздар- 4
сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына
ерлікпен тойтарыс берді. 
Олар қасық қаны қалғанша шайқксты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ
жауды өткізбеді. 
Сондай- ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы
бөлімдерінің жетекшісі П.В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т.
Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары
бағаланды. 1941жылы 17 қарашада оған 8-ұландық дивизия атағы берілді.
Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылармен бірге Қазақстанда
жасақталған басқа да бірнеше әскери құрамалар қатысты. 
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқандалуын жау
әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары бір жолата
күйреп, неміс- фашист армиясының "жеңілмейтіндігі" жөніндегі жоспары
жойылды.
6


Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең
болды. Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда
жасақталған 38-атқыштар дивизиясы болды. Ол әркезде 62-армия
( қолбасшысы В.И. Чуйков) 57-армия Ф.И.Толбухин) сондай-ақ Сталинград
үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның
(қолбасшысы М.С. Шумилов ) құрамында болды. 
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес,
сонымен қатар Курс ішінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда
жанқиярлықпен шайқасты. Ленинград қоршауындағы бөлімдерде қызмет
еткен жауынгерлердің арасында Д. Шыныбековтің, алысқа ататын зеңбірекке
бекітілген аэростат командирі С.Жылқышиевтың есімдері мақтанышпен
аталып жүрді. 
1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы
Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа
бөледі. Жаралы болып ессіз- түссіз жау қолына түскен одан жау солдаттары
әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын
кесті қайсарлық көрсеткен оны қаншерлер үстіне жанармай құйып өртеді.
Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Оның ерлігі туралы хабар
елге майдангер жазушы Павел Кузницовтың очерктері арқылы жетті. 
Қуатты жарылғыш минамен жау танксінің асиына түскен Қарсыбай
Сыпатаев, капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Әбдіров,
жаудың пулеметтің оқ шашып тұрған дзотының аузын өз кеудесімен жапқан
Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке
рухтандырды.
Қазақстандық жауынгерлер Украйнаны, Белоруссияны, Балтық
бойын, Молдованы азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес
әскерінің құрамында Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат
етуге ат салысты. Қазақстандық жауынгерлер Берлинді алуға қатысты.
Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Григорй Булатовпен
бірге Рейхстаг қабырғасына жалау ілді.
7


Қазақстандықтар партизандық қозғалысына белсене қатысты. Толық
емес мәліметтерге қарағанда Украинаның партизандық құрамаларымен
отрядтарында 1500, Ленинград обылысында 220-дан астан қазақ жігіттері
соғысқан. Беларусияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық
бригадалармен отрядтарда 1500 ден аса Қазақстандықтар болған. Партизан
қозғалысына белсене қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. Ахмедьяров, Ғ.
Омаров, Қ.Қаисенов, Ә.Шәріпов, Ә. Жангелдин, Ж. Сайн т.б. есімдері
бүгінде зор құрметке ие болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет