5. Қазақстан соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына
келтіру және одан әрі дамыту
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері
бейбіт құрылысқа оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп,
қайта құру еңбекшілердің қоғамдық- саяси белсенділігі жағдайында
жүргізілді.
1946 жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған
жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру,
өнеркәсіппен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп,
одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен Қазақстан экономиканы
өрге бастыруға үлкен мән берді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамытуы, сондай-ақ жеңіл,
тамақ өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Төртінші бесжылдықта бүкіл
елде өнеркәсіп өнімі 1940- жылғы мен салыстырғанда 40 процент өсетін
болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есе артатын болды. Бесжылдық
қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940-шы жылмен
салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мұнай 1,5, газ 1,9,
электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы
нығайтылды. Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан
шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн және басқа
машиналар болды.
Республикада төртінші бесжылдықта егіс көлемі бір миллион
гектардан аса ұлғайды. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге
жетіп, соғыстан бұрыңғы дәрежесінен 89 процент асып түсті. Ірі қара
малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы
саны өсті: ірі қара 27
, қой мен ешкі 70
, жылқы 75
көбейіп, шошқа 2,7
есе артты. Дегенмен ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі
қиыншылықтар болғанын да айту керек. 1946 жылы қуаңшылық болып,
13
астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз-
совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек өнімділігі төмен еді.
Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбеккүнге өнім
бөлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Колхозшылардың,
совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарының ет, сүт, жүн дайындау
жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды өзгерту мәселесіне 50-
жылдардың орта шеніне дейін көңіл бөлінген жоқ.
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика
жазушылары шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы
тақырыбына жазылды. Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ә.Нұрпейісовтың
“Курляндиясы” сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде
қазақстандық жауынгерлердің жоғары адамгершілік қасиеті, жеңіс
жолындағы күресте көрсеткен ерлігі баяндалады.
Еңбек тақырыбына жазылған С.Мұқановтың “Сырдария”,
Ғ.Мұстафиннің “Миллионер”, Ғ.Слановтың “Кең өріс” сияқты
туындыларында колхозшы шаруалардың өмірі көрсетілді.
Осы жылдарда М.Әуезовтың “Абай жолы”, С.Мұқановтың “Шоқан
Уалиханов” сияқты көптеген шығармалар жарық көрді. “Абай” қойылымы
үшін Қазақ академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік
сыйлығын алды.
Музыка мәдениеті өрлеу жолында болды. М.Төлебаевтің “Біржан-
Сара”, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің “Абай”, Е.Брусиловскийдің “Дударай”
опералары дүниеге келді. “Біржан-Сара” операсына КСРО мемлекеттік
сыйлығы берілді.
Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және мәдени құрылыс істеріне,
оның ішінде халыққа білім беру, сауда коммуналдық-тұрмыстық қызмет
көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Кеңестерге жергілікті өнеркәсіп
өндірістік жоспарлау және олардың өнімін бөлу, тұрғын үй салуды
ұйымдастыру, қаржы бюджет мәселелерін шешуде үлкен міндеттер жүктелді.
14
Одақтас республикалар құқықтарының кеңеюіне байланысты Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметінің белсенділігі артты, оның
республикадағы шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылысқа іс жүзінде
басшылық етудегі ролі әжептәуір өсті.
Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту, Кеңестердің
шаруашылық-ұйымдастыру ролі мен жауапкершілігін арттыру, олардың
елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға қосатын үлесін біраз
өсірді.
15
|