1. Жалпы мониторинг ұғымы. Мониторингтiң түрлерi, мониторинг қызметтері
Мониторинг дегенiмiз - латын тiлiнен аударғанда(еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.
Жалпы мониторинг дегеніміз:
-Белгілі бір саладағы маңызды мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті;
-Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.
-Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.
Мониторинг – пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi.
Мониторингтiң атқаратын қызметтері:
1. Әрекет барысына түзетулер енгiзу;
2. Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету;
3. Аралық мiндеттерiн орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау;
4. Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.
Мониторингтiң түрлерi: Педагогикалық, әлеуметтанымдық, психологиялық, медициналық, экономикалық, демографиялық.
Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс[2].
Мониторинг қызметi:
- Мақсат.
- Ұйымдастыру.
- Ақпарат өңдеу.
- Шешiм қабылдау.
- Болжам жасау.
Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.
Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар
Ақпараттың толықтылығы.
Нақтылығы.
Объективтiлiгi.
Үздiксiздiгi.
Уақытында орындалуы.
Құрылымдылығы, үздiксiздiгi.
Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.
Достарыңызбен бөлісу: |