Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі мониторинг-ғылым мен тәжірибенің проблемасы ретінде Орындаған: Еркімбекова Ә. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспар Кіріспе


Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы



бет3/7
Дата16.12.2023
өлшемі99,73 Kb.
#140246
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ZVFKXZPYWOLK12122023222520

Білім беру ұйымдарында мониторинг жүргізудің маңызы

Мониторингтің мәні әр тоқсанның не әр тараудың соңында шыққан графиктен осы тұстағы алған білімнің кем тұстары, жетістіктері айқын көрініп тұрады. Даму мониторингіне қарап білім деңгейін оқушы өзі бақылап отырады. Бағалаудағы әділетсіздік мәселесі шешіледі[3].

  1. Мониторингінің ерекшеліктері:

  • Оқушының белгілі бір тақырыпты төмендеу меңгергенің, аздау алғанын байқап, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында тапсырмалар жүйесі ұсынылады.

  • Шәкірт өз кемшілігін байқайды, өз қатарласынан қалмау үшін не істеу керектігін аңғарады.

  • Өз зейінін тәрбиелейді.

  • Білім жүйелігі мен тізбекті байқайды.

  • Ойланып оқуға дағдыланады.

Білімділік мониторинг көп деңгейлі жүйе.
1 - деңгей (жеке, дара және дербес) оны мұғалім жүзеге асырады.
2 - деңгей – мектепішілік. Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады. Сыныптардың даму динамикасы бақыланады. Тоқсан, жартыжылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау жүргізіледі.
3 - деңгей. Білім мекемесінің даму динамикасын байқау. Мұғалімнің педагогикалық іс - әрекетінің мониторингі оқу процесінің негізі болып табылады.
Мұғалімнің іс - әрекетін бағалаудағы мониторингінің негізгі мақсаты: педагог кадрлардың шеберлік біліктілігінің артуы, инновациялық
тапсырмаларды іске асыру жолдарын меңгеру көрсеткіштері.
Педагогикалық іс - әрекетті бағалаудағы мониторингтің 3 кезеңі бар:
1 - кезең. Дайындық кезең. Мақсат қойылады. Бақылау объектісі таңдап алынады. Бақылау жоспарланады.
2 - кезең. Практикалық кезең. Ақпараттар жинақталады:.
- нормативті құжаттар таңдау;
- сабаққа қатысу;
- білім, білік дағдыларын бақылау;
- сауалнама жүргізу;
- тест алу;
- өзін - өзі бағалау.
3 - кезең – талдау, яғни алынған мәліметтерді өңдеу:
- ақпараттарды талдау, жинау;
- бақылаудың қорытындысын шығару, ұсыныстар енгізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет