талаптар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы №459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда №9940 тіркелді. Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды[5].
Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады: 1) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;
2) ұлттық жинақ – әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындылары бойынша іріктелген негізгі индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын ақпараттық статистикалық жария құжат;
3) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика мен әкімшілік деректердің мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың қорытындыларыбойынша іріктелген индикаторлар мен көрсеткіштер негізінде білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;
4) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;
3. Білім беру мониторингі білім беру саясатын әзірлеу мен іске асыруды ақпараттық қолдау, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жағдайы туралы өзекті, толық, дұрыс және үнемі жаңартылып отыратын ақпаратпен қамтамасыз ету, білім берудің дамуын талдау және болжау үшін қажетті ақпараттық база қалыптастыру мақсатында жүргізіледі[6].