Тақырыбы: Бастауыш білім берудегі мониторинг-ғылым мен тәжірибенің проблемасы ретінде Орындаған: Еркімбекова Ә. Тобы: мнк-211 Қабылдаған: Ауезов Б. Түркістан 2023 Жоспар Кіріспе


Білім беру мониторингінің негізгі кезеңдері



бет7/7
Дата16.12.2023
өлшемі99,73 Kb.
#140246
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ZVFKXZPYWOLK12122023222520

Білім беру мониторингінің негізгі кезеңдері:
- объектінің және сыртқы ортаның жағдайы туралы ақпарат жинау;
- алынған ақпаратты талдау;
- басқару шешімдерін қабылдау және командалық ақпарат беру.
Педагогикалық мониторингтің тиімді жүйесін құру үшін басқару үшін білім беру жүйесі қызметінің қандай көрсеткіштері маңызды екенін анықтау қажет (оқушылардың оқу дайындығының деңгейі, педагогтардың әдістемелік мәдениеті, білім алуға уәждеме, білім беру процесін іске асырудың әлеуметтік, психологиялық және экономикалық жағдайлары және т.б.).
Жеке психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік зерттеулер, тек өз құралдарын пайдаланатын (тіпті ол жақсы болса да нәтижелерін салыстыруға және білім беру жүйесінің даму динамикасын жалпылама талдау[9].


ҚОРЫТЫНДЫ
Халықаралық тұрғыдан оқу маңыздылығының және оның нәтижелерін өлшеудің қажеттілігінің мойындалғанына қарамастан тиімді бағалау жүйесі бар мемлекеттер көп емес. Бұл елдердің (Ұлыбритания, Сингапур, Финляндия, Канада және т.б.) бағалау механизмдерінде елеулі айырмашылықтар бар, дегенмен олардың жетістіктіктерін қамтамасыз ететін ортақ тұжырымдамалық тәсілдемелер қатары анықталады:
1. бағалау критерийлерге негізделеді;
2. бағалау оқу барысындағы үздіксіз мәліметтерді жинауды қарастырады;
3. бағалау нәтижелері оқытуды түзету, оқушыларды ынталандыру, баға қою, есеп беруге дайындалу, оқу бағдарламалары мен жоспарларын жетілдіру, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қолданылады.
Көптеген ірі көлемдегі жетістігі бар бағалау жүйелерінің (SAT, PISA, GRE, GMAT, TIMMS және т.б.) бірыңғай жалпы сипаттамасы бар – олар үкімет, ЖОО немесе жұмыс берушілер және т.б. үшін жасалған, тек емтихан тапсырушылар үшін емес. Бүгінде тек балды тіркейтін емес, оқушының қаншалықты ілгерілеуі бар екенін көрсететін, білім беруді қамтамасыз ететін бағалау жүйесі қажет. Дүниежүзілік банк сарапшыларының пікірінше, үнемі мониторинг жүргізуге және оқушылардың оқу үдерісіне қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін жүйені құру мәселесі шешілмейінше, мемлекет өз дамуында білім беру әлеуетін тиімді қолдана алмайды. Халықаралық және отандық аналитикалық зерттеулер (ААО, Назарбаев Университеті, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік Банк) бағалау жүйесінің айқындығын, объективтілігін, валидтілігін және нақтылығын қамтамасыз ететін, тиімді жүйені құрастырып, енгізу үшін алдымен, дифференциалды критерийлер мен стандарттардың қажеттілігін көрсетеді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстанда жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер негізінде бағалау жүйесін енгізу, соған сәйкес мұғалімдерді дайындауды ұйымдастыру, білім берудің әр кезеңінің аяғында ұлттық стандартталған тестілеуді өткізу және мәліметтерді тиімді әрі сенімді жинақтау жүйесін құру қажеттілігін атап өткен болатын.
Сонымен, әр жұмыс дұрыс жоспарланып, қадағаланып, болжам жасалып, сарапталып отырса, жүйелі мониторинг жасалса, білім сапасының артуына ықпал етуі әбден мүмкін. Бүгінгі күннің мұғалімі-шығармашылық адамы. Ол өздігінен қаншалықты ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Орта білім мазмұнын Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесі негізінде жаңарту. Әдістемелік құрал. –Астана; Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2014.-Б.12-13.


2. Камалова С.Т.Сыныпта оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау: оқу-әдістемелік құрал.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.-44б.
3. Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. – Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2013.–80с.
4. Набуова Р.А., Жубандыкова А.М. Бағалаудың өлшемдік технологиялары. Оқу құралы.-Алматы, 2019. -260б.
5. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100025925
6. Методические рекомендации по системе критериального оценивания учебных достижений детей с ограниченными возможностями.-Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2015.-54 с.
7. Мынбаева Б.Н. Экологиялық мониторинг: Оқу құралы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2009.-88б.
8. Шишов, С. Е. Мониторинг качества образовательного процесса в школе : монография / С.Е. Шишов, В.А. Кальней, Е.Ю. Гирба.-Москва : ИНФРА-М, 2023. - 205с.
9. Абакумова Н.Н. Система мониторинга в образовании : учеб. пособие.-Томск : Издательский Дом Томского государственного университета, 2018. -140 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет