Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын сыныптан тыс жұмыстар арқылы кәсіптік бағдарын қалыптастыру Орындағандар


Сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама



бет3/4
Дата29.03.2023
өлшемі81,3 Kb.
#77281
1   2   3   4
1.2.Сыныптан тыс жұмыстар туралы жалпы сипаттама
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесіндегі сыныптағы сабақтық жүйеден басқа, сыныптан тыс жұмыс түрлері бар. Ол, әрине, қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласында оқыту мен тәрбиелеуді реформалаумен тығыз байланысты іске асырылуда. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар оқытудың жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды Сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі кемшілігі – оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы – оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Оқушылармен сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын оқытудың міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарының маңызы – оқу және тәрбиепроцестерінің бірізділігін қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын жоспарлауда сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, балалардың жас және дара қасиеттерін, ұйымдастыру жұмыстарындағы іс- әрекеттері түрлерінің ерекшеліктерін ескеру талап етіледі.Оқытудың сыныптан тыс жұмысын ұйымдастыру көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат – әрбір сабақтың оқу- тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екендігін, оны сыныптан тыс жұмыстар арқылы да ұйымдастыруға болатынын көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына: лекция, конференция, экскурсия, пікір-талас, панорама,диспут, өздігінен жұмыс, әртүрлі сайыстар т.б. жатқызуға болады. Бұл сыныптан тыс жұмыс түрлерінің де сыныптағы сабақтық жүйедегідей дидактикалық құрылымы анықталған және өзіне тән дидактикалық қағидаларға негізделген, сонымен қатар жүргізудің жеке амал-тәсілдері бар. Сыныптан тыс сабақтар немесе жұмыстар кейде оны Қызықты сабақтар не Сайыстар не Кештер деп атағандай, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін созылады. Мұндай сабақ айына 2-3 рет болуы мүмкін.Оқушылармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мәселесін қарастырғанда алдымен оқушылардың сыныпта істейтін жұмыстарының қандай психологиялық негізі бар, оның шәкірттердің басқа да іс- әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай, оның сыныптан тыс жұмыстармен қалай байланыстыруға болады деген мәселені анықтап алу қажет. Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған. Сол себепті мектептегі оқыту процесі дамыта тәрбиелейтін оқыту делінеді. Осыған байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар да оқыту мен ақыл-ойды дамытудың бір тұтас процесс ретіндегі ішкі байланысын, бір-біріне жасайтын әсер-ықпалын айқындап алудың маңызы өте зор. Әрине, барлық адамның қабілеті бірдей емес. Сыныптан тыс оқыту мен тәрбиелеу арқылы адамның қабілетін белгілі бір бағытта дамытуға болады, бірақ оның шегі жоқ емес. Сондықтан әрбір адамның өз табиғатындағы қабілет мүмкіндігін өз биігіне дейін дамытып тәрбиелеу – оқыту процесінің басты міндеті болып табылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары
Тәрбие – бұл жеке адамның қоғамдық тәжірибені (білімді, ептіліктер мен дағдыларды, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдап, қуаттаушы, әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы, әрі саналы орындалатын педагогикалық үрдіс. Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оның жан – жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету. Ал, бұл міндеттердің табысты шешімін беру жеке адамның дамуы қалай өтетінін және оның қалыптасуына қандай жағдаяттар ықпал ететінін білумен байланысты. Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін бұл - педагог. Бастауыш сыныптарда жетекшілік қызметті сынып мұғалімі атқарады.Мұғалім немесе сынып жетекшісі еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылатыны айқын. Мұғалімнің сыныптан және мектептен тыс жүргізетін тәрбие жұмыстарының маңызы – тәрбие процесінің біріздігі мен жүйелелігін қамтамасыз ету. Бұл бағытта тәрбие жұмысын жоспарлау сынып жетекшісіне оның қоғамдық бағытының болуын, ұйымдастыру қабілетіне, жұмыстардың іс-әрекет түрлерін дұрыс таңдай білуіне, балалардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыра білуіне байланысты.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекеленген мақсат, міндеттеріне, оқушылардың нақтылы өмір жағдайларына, сыныптағы немесе жекеленген оқушылардың тәрбие міндеттеріне сай жетістіктері мен кемшіліктеріне байланысты атқарылады.
1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, оған: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздерді жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.
2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, еңбек озаттарымен, халық қалаулыларымен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).
3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабарлама.
4. Әртүрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру
5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.
6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.
7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікірталас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.
9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру.
10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерлерімен бірлесе отырып, оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.
11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, қабілеттеріне сай қатынасуын ұйымдастыру: пәндік, көркемөнер, спорттық, өлкетану, жас техниктер, т.б.
12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.
13. Атамекен бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.
14. Мейрам күндерін, республикалық деңгейдегі мейрамдарды атап өту.
15. Сынып жиналыстарын өткізу.
16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбілікке қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.
17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.
18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызілікті қаттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.
19. Оқушылардың қысқы және жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.
Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу. К.Д.Ушинский ескерткендей, тәрбие заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан тану өте қажет. Себебі, оның айтуынша, педагогикалық ережелерді қара дүрсін жаттау ешбір пайда бермейді. Сол ережелерден туындайтын ғылыми негіздерді зерттеу міндетті іс. Ұлы педагогтың кеңесі: басқарылуы қажет болған психикалық құбылыстардың заңдарын ашып, өз іс-әрекетіңді сол заңдарға және оларды қолданатын жағдайларға ойластырған жөн. Тұлғаны жан–жақты дамыту деген ұғымды жастардың оқу және тәжірибелік еңбегінің тікелей байланысы, дененің және ақыл – ой дамуының біртұтастығы деп түсіну керек. Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тікелей тәуелді. Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері – теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстырып жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.
Оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады.
Олардың қатарына:
1) пікір-талас;
2) семинар;
3) экскурсия;
4) факультативтік сабақтар;
5) қосымша сабақтар;
6) конференция;
7) өндірістік оқу;
8) үйдегі оқу жұмысы;
9) тәжірибелік-зертханалық (практикум);
10) пәндік үйірме жұмыстары;
10) олимпиада;
11) сынақ және емтихан;
12) өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет