Тақырыбы: «Бәрінің бастауы махаббат»



бет2/4
Дата04.04.2023
өлшемі25,53 Kb.
#79378
1   2   3   4
Байланысты:
"Бәрінің бастауы махаббат" ашық тәрбие сағаты

Гүлдана: Табиғат –алтын күнім, асыл айым,
Шашылған жұлдыз меруерт жастанайын.
Үңілем таңнан тұрып терезеге,
Ашық па, жабық па деп қас –қабағың.
Табиғат –көркем жырым, асқақ әнім,
Сен ана, мен қашанда жас баламын.
Сөйлеші жерде бұлақ, көкте бұлт боп,
Тіліңді түсінуге тырысайын.
Ислам: Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқын жетті,
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің.
Ғажап қой сұлу көктем, жазың әні,
Тындарсың оң жүректің сазын әлі.
Шіркін-ай жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Сен неткен Отан –Анам ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан-Қазақ елім!
Мұғалім: Кешегі тарихқа бір сәт ой жіберсек, халқымыздың інжу- маржаны, сөз қазынасы ауыз әдебиеті арқылы ұрпақтан- ұрпаққа жеткен Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Ләйлі мен Мәжнүн, т.б Махаббат тақырыбы әдебиетте, соның ішінде шығыста сонау заманнан бері жырланып келеді. Қанша мол жазылып, көп жырланғынымен, махаббаттың сырлы шежіресін ешкім де жазып тауысқан емес.
-Қазіргі заман әдебиетіндегі махаббатың жыршысы деп кімдерді айтар едіңіздер?
Екі топқа тақырыптық байқау. Екі топқа мынадай тірек сигналдары таратылады сол бойынша өлең немесе эссе, пікір жазу.
І топқа «Армансыз адам болмайды» 1.Қиялым. 2.Үмітімді үзбедім. 3.Іздей-іздей шаршадым.
ІІ тоқа «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» 1.Адам құдіреті. 2.Лаулаған сезім. 3.Ғашық болып. 4.Сенім артқан ерекше еді-ау
Әлемге танымал ғашықтар туралы әңгімелеу.
«Махаббат шуағы»
1-көрініс
(Сахнаға қария мен жас жігіт шығады)
Қарияның рөлінде Бақытжан А, жас жігіттің рөлінде Жазықбай А, қыздың рөлінде Уахитова А.
Қария: Мынау үлкен ғаламда адамзат баласының жүрек қылын шертетін, тәтті қиял-ғажайыптарға бөлейтін ұлы сезім бар. Ол сезім махаббат деп аталады.
Жас жігіт: Ұлы сезім дейсіз бе, ата?! Мен сол сезімді неге сезбеймін? Жүрегім менің неге ол сезімнің ләззатына бөленбейді? Айтыңызшы. Әлде ол сезім көптің уысына түсе бермейтін, әркімнің дегеніне көнбейтін, сусыз ми далада шөлдейтін, алыстан мұнарлатып маған кел дейтін сезім бе?
Қария: Ей, қарағым, бұл сезімнің дәмін татпаған, рахатына бөленбеген, қызығына қанықпаған, шыжығына күймеген жан жоқ шығар жер бетінде. Сен де бір күні сол сезімнің шырмауына арбаласың. (Екеуі шығып кетеді)
2-көрініс
Жас жігіт: Махаббат қандай ғана сезім едің, сен үшін әлем жерді кезіп едім. Қария, қанша жерге жол тартып, қанша елге сапар шексем де сіз айтып тамсандырған тәтті сезімді кезіктіре алмадым.
Қария: Қарағым, алты қырдан ассаң дағы, жеті қырды кезсең дағы махаббат сезімін таба қоймассың. Ол әлде бір күш сияқты. Кенеттен ойламаған жерден жүрегіңе ғашықтың ыстық тамшысы еніп, сол тамшыдан махаббат деп аталатын тәтті сезімнің ұлпасы түзіледі. Оның орны тек жүректе. Жүректен жүрекке өтетін сезім ғой бұл.
3-көрініс
Қария: Махаббат, ғашықтық, сүйіспеншілік бәрі –бір-бірімен байланысқан асау аттың шабысындай ешкімге дес бермейтін адам бойындағы баға жетпес құнды дүние. Оны ешқандай ақшаға, ешқандай алтынға сатып алуға болмайды. Қазіргі заманның жастарының махаббатты аяққа таптағанына ішім ашиды. Осындай ұлы сезімді аяламаған жастарға не дерсің?! Қадіріне жетіңдер махаббатың. Оның киесіне қалмаңдар, шырақтарым!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет