Жас жігіт: Егер менің жүрегімде ғашықтық сезімі болса, қария, сізге уәде берем: ол сезімді аялап өтемін.
(Сахнаға қыз шығады)
Қыз: Сәлеметсіз бе, ата. Қал-жағдайыңыз қалай?
Қария:Амансың ба, балам, танымадым ғой?
Қыз: Ата, мен ауылдағы Ахат есімді ініңіздің Бану атты қызы боламын.
Қария: А-а, қарағым, енді есіме түсті. Сен жастайыңнан өнер-білім қуып қалаға кетіп едің ғой.
Қыз: Иә, ата, сол арманыма жетіп, қалаған мамандығымның тізгінін ұстап, оқу-білімді жалғастырып жатқан жайым бар. Ауылымның көктемгі жұпар иісін сағынып, табиғат аясында серуендеп жүрген жайым бар.
Қария: Дұрыс айтасың, қызым, ауылдың жанға дауа, шипа ауасына не жетсін. Шырағым бойыңда ақындық қабілетің бар еді.
Қыз: Ақындық өмірімнің мәні, қиналсам да, қуансам да ойымды өлең арқылы бөлісемін. Табиғат аясында тұрып бойымдағы шабытымды шыңдап тұрмын.
Қария:Олай болса, балам, шабытыңның жемісін біз де көорейік.
(Қыз өлең оқиды)
(Кейін шығып кетеді)
Жігіт: Ата, айдай сұлу мына қыз періште ме, пері ме? Қайдан ғана келе қалды жеріме? Жүрегімді әлдеқандай бір белгісіз сезім билеп, күш-қуатым тасып бара жатқандай. Ата, бұл қандай сезім? Маған не болды?
Қария: Әй, балам, айтып едім ғой, махаббат –мезгілсіз келетін дерт. Арбалдың сен де сол сезімнің шырмауына.
4-көрініс
(Жігіт қолында қағаз бен қаламы бар сахнаға шығады. Сезімін дәптерге жазуда)
Ғашықпын, мен ғашықпын сол адамға,
Мен болмасам болмайын, сол амнба?
Ғайптан періштедей пайда болған
Сол қызды енді қайтіп көре алам ба?
(Осы кезде сахнаға қыз шығады)
Жігіт: Қарындас, сәл кідіре тұрыңызшы.
Қыз:Иә, жігітім қандай шаруаң бар?
(Екеуі бірге сахнадан шығып кетеді)
Ән: «Қайықта»
(Қыз бен жігіт қосылып)
Махаббаттың туын ұстап жарқырап,
Қос аққудай жүзейік біз қалықтап.
Аялайық ғашық сезім пәк гүлін,
Бір кешейік бұл өмірдің шаттығын.
Мұғалім: «О, махаббат!»
Берілген парақтарға махаббат түрлері жазылады, оқылады. Пікірлеседі.
Махаббат түрлері: мөлдір махаббат, баянды махаббат, ессіз махаббат, қорғансыз махаббат, есепті махаббат, пәк махаббат, алғашқы махаббат, бала махаббат, жауапсыз махаббат т.б.