Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?
Махаббаты аңызға айналған қазақ сазгері- Естайдың сүйіктісіне арнаған әні
Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?
Махаббатта қызғаныш болу мүмкін бе?
Махаббатқа деген тұрақтылық неден көрінеді?
Достық түбі махаббатқа ұласа ма? Екеуінің арасындағы айырмашылықты қалай түсінесің?
Тренинг «Асық» «Асық» ұғымына не айта аласыз?
Өмір сүруге асық!
Жақсылық жасауға асық!
Бақытты болуға асық!
Өзгені бақытты етуге асық!
«Махаббатсыз дүние бос...» тақырыбында постер қорғау. Төменде берілген тапсырмаларды орындап, көпшілікке таныстырып, өз ойларын қорғау.
1.Махаббаттың сізге белгілі формалары бар ма?
2. «Махаббат» ұғымына синоним яғни ұқсас ұғымдарды іріктеу.
3. «Махаббат» ұғымына антоним яғни қарсы ұғымдарды іріктеу.
4. Бұл сезімнің адам өміріндегі мәні, орны.
- Махаббат адамға қандай артықшылықтар береді?
- Махаббат адам бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектесе ала ма?
- Махаббат та кемшіліктер бола ма?
- Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?
5. Адам өз махаббатынан зиян шеге ме?
Қорытынды. Мұғалім: Бүгінгі кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. Шуақты нұрмен бірге әр адамның жүрегіндегі махаббат сезімін бағалауға түрткі болған бұл кештен баршаңыз да әсер алдыңыздар деп ойлаймыз. Қай заманда болмасын, қай мамандық иесі болмасын барша адамзатты біріктіретін ұлы сезім –махаббат сезімі. Жас болсақ та, кәрі болсақ та осы бір аялы сезімді ардақтап, бір-бірімізге үлкен сүйіспеншілікпен қарай білейік.
А. Бақтыгереева «Бар махаббат»
Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,
Махаббат жалған десе бұл ғаламда.
Махаббат бомаса егер, дала кезіп
Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма?!
Махаббат теңеу емес өлеңдегі,
Емес ол аңыз болған ел ермегі.
Махаббат болмса егер, зарлап Жібек,
Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді?
Ғасырлап дәуірінен озғанда өлең,
Мүмкін бе пәк сезімді жазбау деген?!
Жыр кені –ұлы Абайдың жүрегінде
Бітпеген бір ән кеткен Тоғжан деген.
Кей сорлы махаббатқа жолықпайды,
Оңдайлар қиналмайды, торықпайды,
Аялап шын қадірлеп көрмегендер
Қызыл гүл солғанынан қорықпайды.
Күн біреу нұр төгетін көктен жерге,
Қызғалдақ бір гүлдейді көктемдерде.
Шын бақыт екі айналып жолықпайды
Қол сілтеп, көзін жұмып кеткендерге.
Ән: Қоштасқым келмейді
1.Өртенген сезімді
Қалайша өшірем?
Балауса сезімді
Қалайша кешірем?
Қайырмасы: Алғашқы махаббат
Жүректі тербейді
Мәңгілік бақ құсым
Қоштасқым келмейді
2.Өмірдің пәктігін
Жаныма сыйлаған.
Кештерді қайтейін
Кетуге қимаған.
3.Айтпаған әнімді
Кімге мен арнаймын?
Үмітім үзілсе,
Қайтіп мен жалғаймын?
Естайдың әні «Қорлан»
Бір қыз бар Маралдыда Қорлығайын,
Табиғат береген екен күн мен айын.
Мұратқа іздеген жан бәрі жеткен,
Дариға арманым көп не қылайын.
Қайырмасы: Ахау, арман,
Құсни, Қорлан,
Екеуі туған екен бір анадан.
Ән: Қайықта
Болсақтағы жаңа таныс,
Жүзсек те алғаш қайықта.
Ұшқыр қиял кетт ау алыс,
Бұйырмашы айыпқа.
Самал болып толғандырған,
Айдын шалқар көл бетін.
Сәулем, мені ойландырған,
Сенің жарқын келбетің.
Көлдің жүзін нұрландырып
Тұр ма сенің дидарың.
Сол бейнеңді тұрған күліп,
Су бетіне қимадым.
Ескегіңді берші маған,
Мен есейін сен еспе.
Су күлкісі сыңғырлаған,
Сенің күлкің емес пе?