Диффузия үдерісі өздігінен өтеді, себебі бұл кезде жүйе энтропиясы артады. Диффузия заңдылықтары Фик заңдарына бағынады.
Диффузия үдерісі өздігінен өтеді, себебі бұл кезде жүйе энтропиясы артады. Диффузия заңдылықтары Фик заңдарына бағынады.
Фиктің бірінші заңы: диффузия жылдамдығы заттың диффузияланатын ауданына және концентрация градиентіне тура тәуелді.
dm/dt = DS(-dc/dx)
мұндағы – dm/dt – бірлік уақытта диффузияланған зат массасы, S – берілген зат диффузияланатын аудан, - dc/dx – концентрациясының кему бағытындағы концентрация градиенті: D – диффузия коэффициенті
Стокс-Эйнштейн теңдеуі бойынша диффузия коэффициенті бөлшек радиусына кері тәуелді:
Стокс-Эйнштейн теңдеуі бойынша диффузия коэффициенті бөлшек радиусына кері тәуелді:
D = RТ/NA6πηr ;
Осмос қысымын анықтайтын Вант-Гофф теңдеуі тек сұйытылған ерітінділерге немесе идеалды ерітінділерге қолданылады.
Осмос қысымын анықтайтын Вант-Гофф теңдеуі тек сұйытылған ерітінділерге немесе идеалды ерітінділерге қолданылады.
Росм = СRТ
Коллоидты ертінділерге бұл теңдеуді пайдалану үшін ең алдымен дисперсті жүйесінің концентрациясы ұғымын анықтап алу керек. Бұл жағдайда жүйенің бірлік көлеміндегі кинетикалық бірліктер - қоллоидтық бөлшектер санын концентрация деп санауға болады, яғни дисперсті фазаның ѵ бөлшектік концентрациясы
Росм = RТѵ/NA
Седиментация:
Седиментация:
Ауырлық күші әсерінен барлық коллоидты бөлшектер ерітіндіде тұнбаға түседі.
Бұл үдеріс седиментация деп аталады. Жүйенің кинетикалық тұрақтылығы өзара қарама-қарсы бағытталған ауырлық күшінің (оның әсерінен бөлшектер тұнбаға түседі) және диффузияның (оның әсерінен бөлшектер көлем бойынша таралуға тырысады) тепе-теңдігімен анықталады.
Седиментация жылдамдығы бөлшек өлшеміне тура тәуелді. Ірірек бөлшектер тұнбаға тезірек түседі. Диффузия майда бөлшектерге тән құбылыс, бөлшек іріленгенде оның жылдамдығы азаяды. Егер ауырлық күші диффузия күштерінен артық болса, онда бөлшектер тұнбаға түседі (ірі бөлшектері бар суспензиялар үшін).