Бөлшектің дисперстілігі артқан сайын оның меншікті беттік ауданы (Sменш) да артады. - Бөлшектің дисперстілігі артқан сайын оның меншікті беттік ауданы (Sменш) да артады.
- Sменш = S/V немесе Sменш=S/m
-
- S – бөлшектік беттік ауданы, см2, м2;
- m – бөлшек массасы, г, кг;
- V – бөлшек көлемі, см3, м3;
2. Дисперсті жүйелердің жіктелуі және табиғаты - Дисперсті жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінеді.
- А) Бөлшек өлшеміне байланысты жіктеу.
- Бөлшектердің ұнтақталу дәрежесіне (дисперстілігі) байланысты дисперсті жүйелерді үш топқа бөлеміз:
- Ірі дисперсті жүйелер (жүзінділер, суспензия, эмульсия, ұнтақтар), бөлшектердің радиустары
- 10-4–10-7м.
- Коллоидтық – дисперсті жүйелер (зольдер), бөлшектердің радиустары 10-7 – 10-9м.
- Молекулалық-иондық (шынайы) ерітінділер, бөлшектердің радиустары 10-9м кіші.
-
Ә) Фазалардың агрегаттық күйлері бойынша жіктеу. - Ә) Фазалардың агрегаттық күйлері бойынша жіктеу.
- Дисперсті жүйелерді агрегаттық күйлері бойынша 8 түрге бөледі (9-шы газдағы газ жүйесі гомогенді молекулалық болғандықтан, мұнда енбейді). Дисперсті жүйені белгілегенде алдымен дисперсті фаза, сонан соң, бөлшек сызық арқылы дисперсті орта жазылады. Осы жүйелердің белгіленуі мен мысалдарын келесі 2-кестеде көрсетілген.
Б) Дисперсті фаза бөлшектері арасындағы өзара әрекеттесулерге байланысты дисперсті жүйелер екіге бөлінеді: - Б) Дисперсті фаза бөлшектері арасындағы өзара әрекеттесулерге байланысты дисперсті жүйелер екіге бөлінеді:
- Еркін дисперсті жүйелер, дисперсті фаза бөлшектері өзара байланыспаған, олар өзара тәуелсіз қозғалады (лиозольдер, аэрозольдер, суспензиялар, эмульсиялар).
- Байланған дисперсті жүйелер: Фазалардың біреуі құрылымды байланған, еркін қозғалмайды. Оларға гельдер, ұйымалар, көбіктер, түтікшелі-кеуек денелер, қатты ерітінділер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |