Тақырыбы: Дисперсті жүйелер. Заттардың коллоидтық күйі. Коллоидық жүйелердің молекулалық-кинетикалық және оптикалық қасиеттері


В) Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі бойынша



бет3/10
Дата16.10.2023
өлшемі3,7 Mb.
#116491
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
№6 практ сабақ

В) Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі бойынша.

  • В) Дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі бойынша.
  • Дисперсті жүйе фазаларының өзара әрекеттесуі дегеніміз сольватация (гидратация) үдерістері, яғни дисперсті фаза бөлшектерінің жанында дисперсті орта молекулаларының сольватты (гидратты) қабықшаларының түзілуі. Фазалардың молекулааралық әрекеттесуінің қарқыны бойынша дисперсті жүйелерді 2-ге бөледі:
  • Лиофильді (гидрофильді) жүйелер – дисперсті фаза мен дисперсті орта бөлшектері арасындағы әрекеттесулер өте жоғары.
  • Лиофобты (гидрофобты) – екі фаза арасындағы молекулааралық әрекеттесулер нашар өтеді.

Коллоидты лиофобты ерітінді (золь) -

  • Коллоидты лиофобты ерітінді (золь) -
  • кем дегенде үш компоненттен тұратын ультрамикрогетерогенді жүйе. Олар: дисперсті фаза, дисперсті орта және стабилизатор (тұрақтандырғыш), соңғысы фазалардың бөліну қабатында адсорбцияланып, дисперсті фаза бөлшектерінің бірігуіне қарсылық жасайды, қорғаушы қабат түзеді. Термодинамикалық тұрғыдан, стабилизатор фазалар шекарасында сіңіп, фазааралық беттік керілуді кемітеді, тепе-теңдіктегі коллоидты жүйені түзеді.

Коллоидты жүйелерді алу әдістері:

  • Коллоидты жүйелерді алудың негізгі екі әдісі бар:
  • 1. Дисперстілеу - ірі дисперсті жүйелерді коллоидты дисперсті күйге дейін ұнтақтау.
  • 2. Конденсациялау атомдарды, молекулаларды, иондарды коллоидты дисперсті күйге дейін ірілендіру немесе біріктіру.

Дисперстілеу әдісі

  • 1. Механикалық ұнтақтау
  • 2. Вольтты доғада электрлік жолмен шашыратып ұнтақтау.
  • 3.Ультрадыбысты әдіс.
  • 4. Пептизация әдісі жаңадан дайындалған борпылдақ тұнбаға электролит-пептизаторлар қосу арқылы коллоидты өлшемдегі бөлшектер алады.

Конденсациялық әдістер

  • Коллоидтық жүйелерді алудың конден-сациялық әдістері физикалық және химия-лық болып жіктелінеді.
  • Физикалық әдіс:
  • Булардың конденсациясы (мысалы, тұманның, бұлттардың, түтіндердің түзілуі)
  • Еріткішті алмастыру (мысалы, күкірттің гидрозольін дайындау).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет