СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық дамудың Қазақстандық үлгісі. Қоғамдық-саяси және рухани даму. Тәуелсіз Қазақстан медицинасы.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елде жұмыссыздық басым болды. Еңбекақы кешігіп төленді, материалдық ресурстар жеткіліксіз болды, дайын өнім сату қиындады,бензин мен отынның бағасы шарықтап, бұл мәселе өндіріс үшін ауыр соққы болды. 1993 жылдың басында 114 мың адам жұмыс жасайтын 130 кәсіпорын өз жұмысын тоқтатты. Оның ішінде Қарағанды машина жасау зауыты, Өскемен тоқыма фабрикасы , Ақтөбе ферроқорытпа зауыты , Атырау химия зауыты , Жамбыл қаласындағы «Химпром», және т.б мекемелер.
Жалпы жұмыссыздық серпіні статистика бойынша: 1991-1992 жылдары 0.5-1%, 1993 жылы бұл нәтиже тағы өсті.Ал 1995 жылы халықтың 60-70% ақысыз еңбек демалыстарын алуға,толық емес жұмыс аптасы режимімен еңбек еңбек етуге мәжбүр болады. Экономиканың барлық саласында жұмыссыздық кең етек алды. Атап айтқанда құрылыс, ауылшаруашылық.
Ауылдық жерлердің де жағдайы мәз болмады. 1997 жылдың соңына қарай ауыл халқы арасындағы жұмыссыздық деңгейі өте жоғары болды (40-48%).Бұған себеп:ауылдық жерлердің нашар инфрақұрылымы;ішкі және сыртқы саясатта ауыл өнімдеріне сұраныс болмауы;мал шаруашылығымен айналысудың нашар ұйымдастырылуы , т.б
Осындай жағдайда мемлекет халықты қолдау үшін әлеуметтік қолдау құралдарын, сондай ақ дағдарыстан шығудың түрлі жолдарын қарастырады
1990 жылдары еңбек қызметін, еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамтамасыз ету, мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорларын сақтандыру үшін көптеген актілер ( нормативтік-құқықтық) шығару қажет болды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы « Еңбекті қорғау туралы» заңы 1993 жылы қабылданды. Жұмысынан айырылған азаматтар, жұмыссыз жүрген жас мамандар , декретте отырған аналар жәрдемақы алып отырды.
Бұл кезде үкіметтің негізгі міндеттерінің бизнесті , яғни атап айтқанда шағын және орта бизнесті дамыту, қолдау болды. Оның негізгі мақсаты : ауылшаруашылығын шикізат өндірісінен дайын өнім алуға көшіру, инвестиция мәселесін шешу, ауылшаруашылығын дамыту деген сияқты.
Қорыта келгенде 1990 жылдары халықты еңбекпен қамту жағдайы қиын болды. Жұмысқа орналасу үшін өтініш берген 362 мың адамның 20% ғана жұмыспен қамтылған. Елде кедейлік өткір сезілді.Жұмыссыздар саны халық санының 3,9% -ын яғни 251 мың адамды құрады. Сондықтан да 1990 жылдардың екінші жартысын экономика үшін де, әлеуметтік салалар үшін де өтпелі кезең деп атасақ болады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Қазақстан тарихы кітабы
Авторы: Т.М.Әминов
Достарыңызбен бөлісу: |