Тақырыбы: Ғарыш асханасы Бағыты: «Ғылыми-техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны»


IІ. Негізгі бөлім. Ғарыш асханасы 2-1. Ғарышкерлер тағамы қалай жасалады ?



бет2/6
Дата21.10.2023
өлшемі2,16 Mb.
#120121
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ғарыштамақ

IІ. Негізгі бөлім. Ғарыш асханасы 2-1. Ғарышкерлер тағамы қалай жасалады ?
  • Мен Байқоңыр ғарыш айлағына таяу жерде тұрғандықтан, зымырандардың ұшуын анық байқап жүремін, күнделікті ақпарат беттерінен қай елдің ғарышкерлері ұшып жатырғанын, ғарышты қандай жұмыстар атқаратынын қызығушылықпен тыңдап отырамын.Мен әрқашан олар онда қалай өмір сүреді, қалай жуынып-шайынады, қалай тамақтанады деген ойлар мен үшін қызық болатын..Дастарқан басында тамақ ішіп отырып ойланатынмын салмақсыздық жағдайында олар дастарқан басына отыра алама, оларға тағамды кім дайындайды, мен үшін қызық сұрақ болды.Осы жайында сыныптастарымнан сұрағанда мардымды ақпарат білмейтінін біліп, олардан сауалнама алдым және тақырыпты қызығушылықпен зерттеуге кірістім.
  • Адамның денсаулығы пен тамақтану бір-бірімен тығыз байланысты, ал қиын жағдайда жұмыс жасайтын ғарышкерлер үшін әңгіме мүлдем басқа.
  • Алғашқы ғарыш орбитасында 1957 жылы тамақтанған тірі ағза ол Лайка ит болатын, оның алдына автоматты қоймалжын түрде жасалынған тамақ берілген, кейінгі оның ізбасарлары Белка және Стрелка иттерінің ұшырылымында осы әдіспен тамақтандырылған.
  • Ғарышқа алғашқы тағамды Юрий Гагарин ұшқан Восток кемесіне салған, оған еттен жасалған ботқаны және сықпа пасталы шоколад соусын берген болатын. Оның ұшуы небәрі 108 минутты алып ол осы тағамды тауысып жеп 160 грамм тамақ ішкені анықталды. Ғарыш саласында осы 160 грамм тамақ бірмәрте жеу тағам стандарты болып белгіленген.Бұған дейін авиацияда сәтті сыналған тағам түрлерін сықпа түрінде қаптамада пайдаланылды. Ішінде ет пен шоколад болды. Байқоңырда арнайы ғарышкерлер дайындайтын орталықта Гагарин мен Титов сықпа қаптамадағы "ғарыштық тағамды" сынап көрді: ет қосылған картоп пюресі, ет пастасы, шоколад соусы. Бұл тағамдарда калория көп, бірақ оны ауызға сығу арқылы тістеп, шайнаған кезде қолайсыздық туғызды, алайда жердегі тағам дәміне сәйкестендіруге назар аударды.
    • Ғарышта ғарышкерлерге арналған тағамды толықтай сынаған кеңес одағының ғарышкері Герман Титов. Ұшудың жиырма бес сағатында Титов үш рет тамақ ішіп үлгерді, бірақ оның айтуынша, ол жерге қарны аш болып оралды. Жер орбитасына шықанан кейін тамақтануын сынап көруде қажет болды, ғарышкердің ауырлық күші нөлдік жағдайда қалыпты тамақтана алатынын, ағза тамақты қалай қабылдайтынын тексергісі келді Оның ас мәзірінде біріншісінде бір стақан көкөніс сорпасы екіншісінде-бауыр етінен жасалған паста; үшіншісінде-бір стақан қара қарақат шырыны берілген. Орбитадан оралған келесі ғарышкерлер аштыққа ұшырағаны тамақтың қаптамалары дұрыс болмағандықтан, салмақсыздық жағдайында және тамақтануға кедергі келтіретінін айтты. Ғарышқа жіберілген жеңіл тамақтар болған соң, ғарышкерлер тоймай қалды.Осыны ескеріп мәзірге өзгерістер енгізілді. Оған сиыр еті, балық пирогтары, украиндық борщ, котлеттер, жеміс пирогтары, тауық еті, 20-дан астам шырындар, жеміс пюресі және көкөніс тұздықтары қосылды. Мәскеу қаласында 1963 жылы Кеңес ғылым академиясының Биомедициналық проблемалар институтында ғарыштық тамақтану мәселесімен толықтай айналысатын арнайы зертхана құрылып, ғарышкерлерге берілетін тағамның құрамын зерттеп, оның ғарышта ағзаға қалай әсер етеді зерттеп отырды.
    • 1980 жылдардың басында ғарыштық тағам мәзірі 200-ден астам тамақпен толықты.
    • Оларға көкөністер, қара өрік, Жарма, қарақат, алма, қара өрік шырыны, сорпалар, шоколадты ірімшік қосылған ет, ғарышкерлердің сұранысымен тіпті нағыз котлеттер, бутербродтар, қуырылған ет, жаңа піскен жемістер, сондай-ақ құлпынай, картоп құймақ, какао ұнтағы, тұздықтағы күркетауық, стейк, сиыр еті, ірімшік, шоколадты пирожныйлар, шай, кофе түрлері жатады.
    • Тамақты ыдыспен жіберу қауіпті болды, сол себепті таблетка түрінде жіберуді ойластырды алайда олда үгіліп зымыран ішінде шашылып қалуы мүмкін еді.
    • Алғашқы ғарыштық тағам паста сықпа қаптамасын өндіруші Эстония болатын. Балтық химия комбинаты 1964 жылы жергілікті стандартқа сәйкес алюминий паста сықпаларын үздіксіз өндіріп отырды. Эстондар жергілікті дүкендерге түрлі жидек тосаптарын сату үшін паста сықпаларға жинап шығаратын. Эстонияның шығарған сықпа паста стандарттары ғарыштық стандарттарға толық сәйкес келетінін ешкім білмес еді, егер бір күні Ғарыштық тамақтану концентраттарының ғылыми-зерттеу институт қызметкері Эстония еліне барғанда байқап қалады.
    • Бүгінде мұздатылған кептірілген өнімдер ғарышқа жіберіледі. Қазіргі астронавт өнімдері мұздатуды кептіру процедурасынан өтеді және вакуумдық қаптамада сақталады. Бұл процесс көп еңбекті қажет етеді: ылғал арнайы технология бойынша мұздатылған өнімдерден шығарылады, соның арқасында қоректік заттардың, микроэлементтердің, дәрумендердің барлық мазмұны (95%), сондай-ақ дәмі, иісі және бастапқы формасы сақталады. Осылайша, ғалымдар кез – келген тағамды, тіпті ХҒС «халықаралық ғарыш станциясының ең танымал тамақ өнімдердің бірі болып табылатын сүзбені кептіруді Ресейлік ғалымдар үйренді. Басқа елдердің ғарышкерлері бұл тағамды дәмін татып көруді қалаған.
    • Сонымен қатар, мұндай тағамды кез-келген температурада және кез-келген сақтау жағдайында 5 жылға дейін сапасына нұқсан келтірместен сақтауға болады.
    • Нан дәл бір тістеуге жеткілікті пакеттерге салынған. Өйткені ұшатын нан үгінділер тыныс алу жолына түсуі мүмкін. Нан вакуумдық қаптамада жеткізіледі. Ғарышкерлер оны жылытып барып пайдаланады.
    • Ғарыштық тамақтанудың символына айналған түтіктер, сықпалар қазір сирек қолданылады соңғы 10 жылдықта тамақ негізінен 1 реттік пайдаланатын құтылыарға, тамақ өнеркәсібіне арналған полиэтелен пакеттерге салынатын болды.
    • Ғарышкерлерге тағамды дайындау ұзақ уақытты алатын күрделі процесс.Мұздату арқылы сублимациялануы керек тағам алдымен аспаздық өңдеуден өтеді, содан кейін ол сұйық газда (әдетте азотта) тез мұздатылады. Мұздату арқылы сублимациялануы керек тағам алдымен аспаздық өңдеуден өтеді, содан кейін ол сұйық газда (әдетте азотта) тез мұздатылады. Содан кейін оны бөліктерге бөліп, вакуумдық камераға салынады. Ондағы қысым әдетте 1,5 мм сынап бағанасында сақталады. немесе одан төмен, температура баяу 50-60° C дейін көтеріледі. Бұл жағдайда мұздатылған тағамнан мұз сублимацияланады, яғни сұйық фазаны айналып өтіп, буға айналады – тамақ сусыздандырылады. Осылайша, су химиялық құрамы өзгеріссіз қалған өнімдерден шығарылады. Осылайша тағамның салмағын 70% - ға азайтуға болады
    • Тағам салмағын азайту міндеті тұр себебі ғарышқа алып баратын кез-келген зат қымбат 1 кг 7-10 мың АҚШ доллары тұрады.Ғарышқа зерттеу үшін апаратын құрылғылар, халықаралық ғарыш станциясының бөлшектерін орбитаға шығару үшін зымыранда көп орын қажет. Тағамның құрамы үнемі өзгеріп, кеңейіп отырады. Ең бастысы, олардың тамағы кептірілген концентрат түрінде болуы керек, герметикалық оралған және сәулелену арқылы зарарсыздандырылған. Мұндай өңдеуден кейін тамақ тіс пастасы, шайнайтын сағыз мөлшеріне дейін азаяды. Ғарышта құрғақ тағамдарға ыстық су құйып қайта қалпына келтіруге болады, . Қазір біздің кемелер мен станцияларда ғарыштық тағамдарды жылытуға арналған арнайы пештер бар.
    • Ғарыш станциясында ұзақ болатындар үшін ғарыш мәзірі 8 күнге арнап жасалынады, 8 күнен соң қайталанып сол мәзір бойынша тамақ беріледі. Ғарышкерлерге алдын-ала ғарышкерлер ас мәзірі беріліп, арасынан қалаған тағамын таңдауға рұқсат етіледі.Қалаған тамақтарының дәмін ұшар алдында татып көріп, ұсыныс пікірлерін айтады.
    • Ғарыш кемесінде тамақтар барлық ғарышкерлерге арнайы контейнерде сақталып 3 күндік тамақ бір ашылады, оның ішінен күнделікті тамағы тағы бөлек тұрады. Ғарышкелер дайындау орталығының тағамтану, диетолог мамандары ғарыш қызметкерлеріне арналған толық диетаны құрастырып шығарады. Сарапшылар ғарышқа ұшудың төтенше жағдайларында тамақтану күніне 4 рет, ал олардың арасындағы аралық кем дегенде бес сағат болуы керек деп есептеді. Сонымен қатар, күнделікті тамақтануға арналған өнімдердің құрамы міндетті түрде:
    • 300 грамм көмірсулар;
    • 100 грамм ақуыз;
    • 118 грамм май; дәрумендер мен минералдардың қажетті мөлшерін қамту қажет.
    1   2   3   4   5   6




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет