Әр түрлі елдердің ғарышкерлерінің тамағы әртүрлі ме?
Ғарышкерлерді ХҒС (халықаралық ғарыш станциясына)қа жібере отырып, Еуропалық ғарыш агенттігі олар үшін ұлттық тағамдардан тұратын арнайы мәзір жасайды.
Басқа елдердің ғарышкерлері біз үшін мүлдем ерекше өнімдерге ие. Мысалы, жапондық астронавттардың (утюхикоси ) орбитада дәмі өзгермейді – олар суши, кеспе сорпасы, соя соусы және, әрине, жасыл шай ішеді.. Қытайдан келген ғарышкерлер (тайконавт) шошқа еті , күрішті және тауық етін жейді, көк шай ішеді.. Француз ғарышкерлері трюфель саңырауқұлақтарынғ багетта нандарын да орбитаға шығарады.
Ғарышкер мәзірінде қазақтың ұлттық тағамы бие сүтінен жасалынған құртта беріледі.
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының биохимия кафедрасына ғылыми қызметкері болған Ғизатолла Меңдіханов бие сүтін зерттеп, одан сублимирленген (құнарланып байытылған) кептірілген құртты 1977 жылы жасап патенттеген.
Кеңес одағы кезінде Мәскеуден шығатын «Социалистическая индустрия» газетінде жарияланған.
Ұлттық мақтанышымыздың бірі 1973 жылы құрылған Қазақ тағамтану академиясы осы уақытқа дейін ғарыш саласына 50-ге жуық тағамдар, қоспалар, сусындар түрлерін әзірлеуге атсалысқан.Ғарышкеріміз Айдын Айымбетов ғарышқа ұшар 9 сусын, тамақ түрінен тұратын «Дастарқан» атты мәзір әзірлеген .Мәзірге арнайы бағып өсірілген жылқы еті, құрғақ бие сүті, қарақат қосылған ірімшік түрі, өрік, мейіз түрлері, лимон қосылған шай, жылқы етінің сорпасы Ресейлік ғарышкерлердің тағамын зерттеу орталығынан оң шешім алған.Ғарышкер Айдын Айымбетов сынақ жасау мақсатында ғарышта осы тағамдарды пайдаланған.Бұл тағамдар ғарышкерлер тарапынан 10 балл бойынша оң нәтиже беріп, ғарышкерлердің тағам мәзіріне қосылды.
Ғарышкерлер тамақты қайда қабылдайды? Ғарыш станциясындағы ас үй қандай көрінеді?
Ғарыштық станция жұмыс орны болғандықтан оған арнайы асхана жасайтын бөлме жоқ, алайда жиналмалы үстел бар, оған отырып жемейді салмақсыздыққа байланысты қалықтап тұрып тамақтануына тура келеді. Ғарыштық асхана үстелі жерде бұрын — соңды болмаған арнайы құрылғымен жабдықталған тамақ үгінділерін, ас қалдығын ұстағыш бөліктері бар, ол үстелдің ерекшелігі үгінділерінің бүкіл станция бойынша салмақсыздыққа байланысты ұшып кетуіне жол бермейді, үстелдің орталық блогына тамақты бөлектеп салынған өнімдер жиынтығы бар контейнерлер бекітілген. Банкалар кәдімгі бір жағына сыпырылып ашылатын болса, тамақ әрқашан қоймалжын, қасыққа жабысады – әйтпесе ол ұшып кете бастайды. ХҒС бортындағы арнайы тамақ үшін арнайы ас құралдары қолданылады, олар жердегіден біршама ерекшеленеді. Терең сөмкелерден жеуге ыңғайлы болу үшін қасықтарды арнайы матаның жолағы бекітілген ұзартылған баулары бар - "Velcro"-велкро — бұл ұшып кетпес үшін құрылғыны үстелге ілу үшін қосымша тетік. Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) ғарыштық тағамдары әртүрлі қаптамада келеді. Контейнерлерде әр ғарышкер тілінде : "шырындар мен сүт ", "балық пен нан", "жеңіл тағамдар", "тәттілер мен йогурт"деген жазулар бар. Азық-түлік түтіктерін қажетті температураға дейін қыздыру үшін керемет пеш (1971) бастап қолданыста , ол әлі күнге дейін Ресей ғарышкерлерінде қызмет етеді.АҚШ ғарыш кемелерінде тоңазытқыш және тамақ жылытатын микротолқынды пештер орнатылған.
Сағыз салмақсыздық жағдайында ғарышкердің ең жақсы досы, мұнда ауыздан сілекей бөлінбейтін болғандықтан, тіс зақымдалу мүмкін осы орайда сағыз түрлері бар.Ғарыштың бір ерекшелігі ащы дәмді сезбейді және тағамдар дәмсіз болып сезіледі.Сол себепті Америкалық ғарышкерлер тамаққа гуакамол, корейлер ким-чи, орыс ғарышкерлері ащы соустар қосып жейді.
Бос қаңылтыр банкалар, полиэтилен пакеттер және басқа да қоқыстар осы үшін арнайы жасалған жеңіл металл контейнерлерге жиналады. Толтырылғаннан кейін контейнер шлюз камерасы арқылы ашық кеңістікке шығарылады. Атмосфераның тығыз қабаттарына енген кезде контейнер жанып кетеді.