Тақырыбы: Халық ауыз әдебиеті-балалар әдебиетінің бастауы Бақылау сұрақтары


Төрт түлік мал туралы өлендер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.(ҚМЖ жоспар)



бет2/5
Дата03.11.2023
өлшемі25,82 Kb.
#121714
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тапсырма 1 жауап

Төрт түлік мал туралы өлендер арқылы балаларды қоршаған ортамен таныстыру.(ҚМЖ жоспар)

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы өлеңдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру, идеясын ашу. Төрт түлік туралы түсінігін кеңейту; түлік туралы жан-жақты мағлұмат беру; малдың жасына қарай аталуын білу; Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:жұмбақтар, төрт түлік суреттері,оқулық, мақал-мәтелдер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, түсіндіру. 
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. 
II.Үй тапсырмасын тексеру.
III
. Жаңа сабақ :Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын.Сиыр.Қой.Ешкі..Жұмбақ шешу.
1. Келеді бір жануар, үстінде бір тауы бар. (Түйе) Түйенің пірі? (Ойсылқара)
2. Көкке шаншып құйрығын, Келеді шауып жүйрігім. (Жылқы) Жылқының пірі? (Қамбар ата)
3. Басында мүйізі бар, Үстінде киізі бар. (Сиыр) Сиырдың пірі? (Зеңгі баба)
4. Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. (Қой) Қойдың пірі? (Шопан ата)
5. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар, Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі) (Сексек ата)
-Міне, балалар, алдарыңда төрт түлік тұр. Олардың қасында төлдері бар. Көктем мезгілінде төрт түлік те төлдейді. Төлдері келесі көктемге дейін өсіп, үлкен мал болады.
Қазақ халқы көшпелі болған. Төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған. Терісінен, жүнінен әр түрлі бұйымдар жасаған. Мал – халықтың байлығы. Қала халқын мал өнімдерімен ауыл қамтамасыз етеді. Малшы еңбегі өте ауыр. Жазда ыстықта, қыста суықта мал соңында жүреді.
Оқулықпен жұмыс.a) Оқушыларға өлеңді мәнермен, дауыстап оқыту.
ә) Рөлге бөліп оқыту. б) Өз сөздерімен түсінгенін айтқызу.
Ендеше топтың аттары да малдың аттары болады.
І топ – «Қошақандар» ІІ топ – «Ботақандар» ІІІтоп – «Құлыншақтар» 
Топпен жұмыс. 
1. Қошақандар тобы: Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер
a) Сиырлының үйі – айран Сиырсыздың үйі – сырдаң.
ә) Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.
б) Малды бақсаң сиыр бақ, Сүт кетпейді шарадан.
в) Қойдың сүті – қорғасын.
2. Ботақандар тобы: Қазақ халқы төрт түлікті қалай қастерлеген? (Бағып-қаққан, жақсы жайылым. т.б.)
3. Құлыншақтар тобы: Төрт түлік мал туралы тыйым сөздер.
a) Малды теппе. ә) Малды басынан ұрма.
б) Ақты баспа.
в) Түйенің астынан өтпе.
г) Атқа теріс мінбе.
ғ) Малды үркітпе, қарғама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет