Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст


Тарау. Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі



бет5/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
1. Тарау.
Ж. Ақбаевтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі
1.1. Ж. Ақбаевтың саяси өмірбаяны.
Жақып Ақбаев 1876 жылы 7 қараша күні Қарқаралы оязының Берқара ауданындағы №3 ауылда, Төңіртектес алқабында туған, Қарқаралылық Батталғазы ақсақалдың айтуы бойынша Ақбай әулетінің генеалогиялық тізбегі төмендегідей болып келеді: "Жақаңның ұлы атасы - Жарас. Жарастан Киікбай туады. Ал Киікбайдан жеті ұл туған. Олар: Едіге, Естемес, Есқұлы, Байқұлы, Құдабай, Қызылбай, Сырлыбай туады. Ал Жақып Ақбайдан туған” (Орталық Қазақстан”, 24 тамыз, 1991 жыл). Жақыптың ара-тұра “Жандеркин” деген фамилияны пайдалануының сыры атасының атынан келіп шықса керек.
Ақбай әулеті Қарқаралы өңіріне белгілі ауқатты, әлді тұқымдардың бірі болған. Сондықтан Жақыптың өз қолымен толтырған өмірбаянында әкесін – кедей, өзін жалшы ретінде көрсету бай біткеннің бәріне тас атылған заманның ыңғайына қарай жазылған нәрсе ғана деп қараған жөн. Ақбайдың Ыбырай, Мәжит, Жақып, Бек атты төрт ұлы, Шәмшіқамар есімді бір қызы болған.
Міне, осы Ақбайдың үміт еткен үшінші ұлы Жақып 1886 жылы Қарқаралы қаласындағы орыс-қазақ мектебінің қазақ интернатына беріліп, оны бітіргеннен кейін Омбы гимназиясына түсті, сонан соң Томск гимназиясына ауысты. Томск гимназиясы берген кәмелеттік аттестатта Жақып Ақбаевтың Омбы гимназиясында жеті жыл және Томск гимназиясында бір жыл оқығаны айтылып, “оның Томск гимназиясында оқыған барлық уақытында жасалған
байқаулар негізінде мінез-құлық жалпы өте жақсы болды, сабаққа қатысуы мен
дайындалуы оңды, сондай-ақ жазбаша жұмыстарды орындауы, ұқыптылығы
8
Ф-ОБ-001/033
жақсы және білуге құштарлығы мейлінше жеткілікті” деп атап өтілген.
Жас Жақып Томск гимназиясын 1898 жылы бітірді. Ол кезде Томск Ресейдің ірі ағарту орталықтарының бірі ғана емес, сонымен қатар қазақ жастары білім алған қала да болды. Осыдан Жақып гимназия бітірген жылы кейіннен Алашорда жетекшілерінің бірі болған Әміре Айтбакин Томск университеті медицина факультетінің бірінші курсына түскен еді. Қазан төңкерісіне дейін (1917) мұндағы жоғары оқу орындарынан кейін белгілі мемлекет және саяси қайраткерлері, ғалымдар Ысқақ Жақсылықов, Сәлімгерей Нұралыханов, Асылбек Сейітов, Мұратбек Сейітов, Бөжей Мыңғашев, Бейсенбай Тойсарин, Әлімхай Ермеков білім алды. Томск Жақып Ақбаевты да білім алуын одан әрі жалғастыруына ынталандырды.
1898 жылы Жақып Ақбаев Санкт-Петербург унивеситетінің заң факультетіне түсті.
Ол Ресейдің осындай беделді оқу орнының студенті болған екінші қазақ еді. Студенттер саясатпен айналыспауға, қоғамдық ұйымдардың жасырындарына да, жарияларына да қатыспауға тиіс болатын. Олар бұған қолхат беретін. Жас Жақып Ақбаев та осындай қолхат берді. Сол қолхаттың тексті міне мынадай: “Төменде қол қойып отырған мен 1898 жылы 3 қыркүйек күні өзімізнің ИМПЕРАТОРЛЫҚ С. –Петербург университетінің студенттері немесе тыңдаушылары қатарында болу кезімде қандай да бір құпия қоғамға кірмеуге осы қолхатты беріп, әрбір жеке жағдайда ең жақын бастықтардың рұқсаты болмайынша, тіпті заңда рұқсат етілген қоғамдарға да кірмеуге, сондай-ақ ешқандай да ақша жинауға қатыспауға міндеттенемін; осы уәдемді бұзған жағдайда мен оқу орнынан дереу шығарылып, өзім рұқсат етілмей жиналған ақшаға қандай да болсын құқықтан айырылуға тиіспін.
Заң факультетінің студенті Жақып Ақбаев. Куәлік, билет және студенттерге арналған ережелерді сақтауға міндеттеуші Жақып Ақбаев”.
Патша үкіметі зиялыларды саясаттан осылайша аулақ ұстамақшы болды. Бірақ оқу орындары мен қоғам арасына қытай қорғанын орнату мүмкін емес еді.
Студенттердің алдыңғы қатарлы топтары білім алумен бірге оқу орнының
9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет