Таќырыбы: Жаќып Аќбаевтыњ љмірі мен тарихи-саяси кљзќараст



бет4/47
Дата29.09.2023
өлшемі299,5 Kb.
#111796
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Ф-ОБ-001/033
Жақып Ақбаев туралы замандас алаштың ардагер қайраткерлері өз кезінде қалам тартып, оның саяси күрестегі жетекшілік роліне лайықты баға беріп отырған. Ол өзінің “Дала өлкесіндегі сайлау. Даладағы 17 қазан Манифесі” деген мақаласында патша манифесінің байтақ қазақ даласына келіп жетуі, жергілікті халыққа әсер етуі баяндалса, мақаланың қалған едәуір бөлігі сол Ж. Ақбаевқа, оның манифестік құқықтың мән-мағынасын қандастарына қалай түсіндіргеніне арнайды. Осы жерде алаштың тағы бір аяулы ұлы, көзі тірісінде аты аталмастан қазақтың ақыны (А. Байтұрсынов) Ж. Ақбаевқа: “Яқұп Ақбаев – ер, шешен,қызу юрист. 1905 жылы патшаға тіл тигіздің деп екі үкімет сотқа беріп, неше ай абақтыда жатып ақталып шыққан. Онан кейін де сан рет абақтыға жабылып, бес жылға жер аударылып, көп тепкі көрді”, - деген бағаны “Қазақ” газетінің 1917 жылғы 14-қарашадағы “Алаш партиясы” атты бас мақаласында берген. Бұл жазылғаннан кейін де Ә. Бөкейхан “Қазақ” газетіндегі (1917, 4-шілде, №235) “Қазақ депутаттары” мақаласында Ж. Ақбаев туралы біршама нәрселер жазады.
Міне, осыдан кейін жарты ғасырдай Ж. Ақбаев туралы ешкім қалам тартпайды.
Тек алпысыншы жылдардың “жылымығында” араға жарты ғасыр салып Ж. Ақбаевтың туған қызы, заң ғылымының кандидаты Аспазия Жақыпова мен сол кездегі ғылым кандидаты – бүгінде Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғайрат Сапарғалиевтердің “Жақып Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі туралы” атты арнайы мақаласы жарық көрді. Аталмыш мақаланың бірнеше жаңалығы болды. Оның авторлары әлі ешкім қалам тарта қоймаған тың тақырыпта түрен салды. Олар Қазақстан мұрағатымен қатар, Ресей (Омбы қ.) мұрағатындағы құжаттарды да қарастырып, ғылыми айналымға түсірді.
Бұдан кейінгі зерттеулерде Ж.Ақбаевтың қызметіне бірден бір әділ әрі батыл баға берген ғалым академик С. Зиманов болды. Бұдан бөлек зерттеуші-ғалым В.Г. Галиев қазақтың әдет-ғұрып заңдарын зерттеушілер қатарында Т. Сейдалин, С. Жантуриндермен қатар Ж. Ақбаевтың да есімін атап өтеді. Алаш тақырыбына еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін дендеп барып, толымды зерттеулер жазған белгілі тарихшы-ғалым, академик Кеңес Нұрпейісов болды
7.
Ф-ОБ-001/033 Ол өзінің “Алаш һәм Алашорда” атты монографиясында Ж. Ақбаевтың саяси, күрескерлік қызметін мейлінше қарастырып, тоқталады.Сондай-ақ қазіргі отандық тарихшылардың көшбасшысы ретінде белгілі тарихшы,профессор М. Қойгелдиев те өз еңбегінде Ж. Ақбаевқа ерекше назар аударды.Бүгінде Жақыптануда бірталай іргелі еңбектер күн санап жарық көруде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет